
ҚР Үкіметінің Жол картасын орындау мақсатында Шымкент қаласында орналасқан тарихи қалыптасқан өндірістік нысандардың санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу бойынша Еңбекші ауданындағы кәсіпорын өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу жобасының құжаттарын әзірлеу және дайындау, зертханалық өлшемдер жүргізу, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу қажеттігі туралы мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде өндірістік нысандар өкілдері жобалаушы ұйымдармен бірлесіп жоба құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.