
Қала әкімінің орынбасары А. Сәбитовтың төрағалығымен қала әкімдігінің жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында «Аса қауіпті, карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалы, сондай-ақ туберкулез инфекциясы» мәселесі қаралды.
Үйлестіру кеңесінің отырысында аса қауіпті және карантиндік инфекциялар мен туберкулездің алдын алу, олардың таралуына жол бермеу, эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайды тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігі атап өтілді.