
Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді «Жасанды интеллект жылы» аясында ұйымдастырылып жатқан «Jas Stars» атты ауқымды концерттік кешке шақырамыз!
Кеште қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары – Muzart Life, Dieta kz, Луина, Мирас Жүгінісов, Dj Ахметов + Dj робот, Арқайым, Алатау серілері, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Alpha, Moonlight өнер көрсетеді.
Кеш тізгіні белгілі жүргізушілер – Қосқанат Көпжасар, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет және Ольга Спиринада болмақ.
Бұл кеште сіздер талантты орындаушылардың жарқын өнерін тамашалап, ерекше атмосфераның куәсі боласыздар.
📅 Өтетін күні: 4 наурыз
📍 Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы
🕒 Басталу уақыты: 19:00