Мен қазақ қыздарына қайран қалам

    Орган
    almaty-madeniet
    Орны
    Музей Алматы
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Мен қазақ қыздарына қайран қалам
    ВыставкаАяқталды

    8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай«Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты көрме

    2026 жылы 5 наурыз сағат 11:00-деАлматы музейінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай«Мен қазақ қыздарына қайран қалам»атты көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

    Көрме қазақ әйелдерінің ел тарихы, мәдениеті мен өнеріндегі айрықша орнына арналады. Экспозицияға Алматы музейі қорынан қазақ өнерінде дара із қалдырған тұлғалардың жеке заттары ұсынылады.

    Көрме аясында ұлттық өнер мен сахна мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің шығармашылық мұрасы кеңінен таныстырылады. Атап айтқанда, қазақ өнерінің жарық жұлдыздары – Хадиша Бөкеева, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Джаманова, Мадина Ералиева және Сауле Жанпейісова сынды өнер майталмандарының жеке заттары, концерттік және сахналық костюмдері, архивтік фотосуреттері, құжаттары мен портреттері көпшілік назарына ұсынылады.

    Көрме келушілерге әйел тұлғасының өнер мен мәдениет кеңістігіндегі маңызын тереңінен танытуға бағытталған. Көрме көпшілікке әйел тұлғасының өнер мен мәдениет кеңістігіндегі маңызын тереңінен танытуға бағытталған.

    Көрменің салтанатты ашылуына Алматы қаласы Мәдениет басқармасы өкілдері, зиялы қауымдар, өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері және Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысады.

    Көрме 12 наурызға дейін жалғасады.

    Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Қабанбай батыр к., 132

    5 наурыз, 2026 ж., 11.00-де.

    Қосымша ақпарат:8 708 820 6179,267-59-05

    Instagram:@almatymuseums

    Ұқсас материалдар

    Международный фестивальАяқталды

    The Spirit of Tengri

    Сіздерді Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 2026 жылғы 7 маусымда Алматыдағы Абай алаңында өтетін Халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне шақырамыз. The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Іс-шара аясында әлемнің түрлі елінен келген әртістер world music, ethno fusion және заманауи этникалық музыка жанрларында өнер көрсетеді. Фестивальдің арнайы қонағы – әндерін әлемдегі миллиондаған тыңдарман сүйіп тыңдайтын әйгілі Enigma жобасының вокалисі Andru Donalds. Фестиваль қонақтары үшін демалыс аймақтары, Ethno Market, foodcourt, интерактивті және серіктестердің алаңдары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері фестивальдің сахна сыртына өтіп, әртістер және ұйымдастырушылармен әңгімелесе алады. Сондай-ақ, сұхбат алып, жылдың ең елеулі мәдени оқиғасы туралы материал дайындай алады. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда алғаш рет 2013 жылы өтті, содан бері ол Орталық Азиядағы ең елеулі мәдени оқиғалардың біріне айналды. 2026 жылы фестиваль халықаралық деңгейде мойындалып, bema! сыйлығының «Халықаралық фестиваль» номинациясында жеңіске жетті. Күні: 7 маусым 2026 жыл Өтетін жері: Абай алаңы, Алматы Фестиваль алаңы 12:00-де жұмысын бастайды Концерттік бағдарлама 18:00-де басталады

    7 маусым 2026 ж.Тікелей
    Площадь Абаяalmaty-madeniet
    КонцертАяқталды

    NAURYZ OPEN AIR

    Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына орай Алматыда «NAURYZ OPEN AIR» мерекелік концерті ұйымдастырылады. 24 наурыз күні сағат 15:00-де Абай алаңында қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлайды. Концертке Ермек Меденов, Алтынбек Тәшімбетов, Сандуғаш Стамгазиева, Димаш Дәулетов, Асхат Тарғын, Саят Медеуов, Алма Аманжолова, Айбек Мұхамедәлі, Бибігүл Қилымхан, Айбар Серкебаев және «Art Band» вокалды-аспаптық ансамблі қатысады. Наурыздың нұрлы сәтін әсем әуенмен әсемдеңіз! Қапы қалмаңыздар!

    24 наурыз 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    Көрісу күні

    Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп көрісіп, мауқын басып...» - дейтін ұлы Абай айтатын керемет күн – Көрісу күнін 14 наурыз күні, сағат 12:00-де Көктөбеде қарсы алуға шақырамыз. Мерекелік концертке қатысатын өнерпаздар: * Айгүл Қосанова * Мәдина Сәдуақасова * «Алатау серілері» тобы * КешYOU * «Made in KZ» тобы * «Тұмар» тобы * Алатау дәстүрлі өнер театрының артистері * «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі өнерпаздары Ұлыстың ұлы күні Көктөбеден басталады! 14 наурыз сағат 10:00-15:00 аралығында Көктөбеге апаратын аспалы жол (Достық даңғылы, 104Б) тегін қызмет көрсетеді.

    14 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Кок-Тобеalmaty-madeniet
    КонцертАяқталды

    JAS STARS

    Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді «Жасанды интеллект жылы» аясында ұйымдастырылып жатқан «Jas Stars» атты ауқымды концерттік кешке шақырамыз! Кеште қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары – Muzart Life, Dieta kz, Луина, Мирас Жүгінісов, Dj Ахметов + Dj робот, Арқайым, Алатау серілері, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Alpha, Moonlight өнер көрсетеді. Кеш тізгіні белгілі жүргізушілер – Қосқанат Көпжасар, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет және Ольга Спиринада болмақ. Бұл кеште сіздер талантты орындаушылардың жарқын өнерін тамашалап, ерекше атмосфераның куәсі боласыздар. 📅 Өтетін күні: 4 наурыз 📍 Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы 🕒 Басталу уақыты: 19:00

    4 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Дворец спорта имени Балуана Шолакаalmaty-madeniet
    КонцертАяқталды

    ALGYS FEST

    Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді көктемнің алғашқы күні – жүрекке жылу сыйлайтын, мейірім мен ризашылыққа толы 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «ALGYS FEST» мерекелік концертіне шақырамыз! Сахна төрінде елімізге танымал өнерпаздар - Алашұлы, Raim, Ерке Есмахан, Kalifarniya, Алатау серілері, Арқайым, Нұрсултан Нұрбердиев, Балауса Ерғалина, Серікбол Сайлаубек және өзге де жұлдыздар өнер көрсетеді. Бұл күн — бір-бірімізге алғыс айтып, ризашылық білдіретін ерекше сәт. Мерекені бірге атап өтіп, жақындарымызға, достарымызға, ата-анамызға және барша жанға жүрекжарды алғыс білдірейік! «ALGYS FEST» мерекесінің қадірлі қонағы болыңыздар! Сіздерді көтеріңкі көңіл күй, әсем әндер мен жүрекке жылу сыйлайтын әсерлі сәттер күтеді. 📅 Күні: 1 наурыз 🕑 Уақыты: 14:00 📍 Өтетін орны: Aport Mall East (Құлжа тас жолы, 106)

    1 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Aport Mall Eastalmaty-madeniet
    СпектакльАяқталды

    Вий

    28 қазан 2025 ж.Тікелей
    Государственный театр куколalmaty-madeniet
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.