
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ атаулы күндерді мерекелеу аясында 2026 жылғы 17 наурызда сағат 10.00-де «Наурыз: тарих коды» тақырыбында интерактивті цифрлық сабақ өткізеді.
Сабақтың мақсаты – Наурыз мерекесі туралы түсінікті тереңдету, танымдық-интеллектуалдық білімдерін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушыларды ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу, сондай-ақ жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерін көрсету.
Интерактивті сабақты Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№19 мектеп-қосымша білім беру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарих пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, 14 жыл еңбек өтілі бар Әбелдинова Әлия Сайранғазынқызы және қосымша білім беру педагогі Ахметқалиева Қарлығаш Айпқазықызы өткізеді.