
ШҚО ББ «Өркен» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ «Жетістік навигаторы» облыстық байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты: білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру жұмысының сапасын кәсіптік бағдар беру мұғалімдері тиімді педагогикалық тәжірибелерін анықтау, қолдау және тарату арқылы арттыру.
Байқау 2 кезеңнен тұрады.
І кезең -аудандық/қалалық. 2026 жылдың, 18 наурыз – 10 сәуір аралығында
ІІ кезең -облыстық. 2026 жылғы 29 сәуір.
Өтетін орны: Абай даңғылы 21, 4 қабат, конференц зал сағат 09.00.
Байқауға қатысушылар: жалпы орта білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдар беру мұғалімдері.
Өткізілу тілі: қазақша, орысша
Жауапты: Матыбаева А. А. (тел. 87772810621)