Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 31 наурызда сағат 11:00-де Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8 шақырылымның кезекті 65 сессиясының өтетіні туралы хабарлаймын.
Сессияда «Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының құқық тәртібінің жай-күйі, қылмысқа қарсы күрес және аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы жұмысы туралы» мәселесі және тағы да басқа мәселелер қаралатын болады.
Сессия Фейсбук әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі. Көру сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024138882090
Депутаттардың келуі мен тіркелуі осы жылдың 31 наурызда сағат 9:30-да жүргізіледі.
Cағат 10:00-да депутаттық сағат.
Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Әлжанов