Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес 2026 жылдың 15 мамырда сағат 11:00-де Державин қаласында Жарқайың аудандық мәслихатының 8 шақырылымның кезектен тыс 68 сессиясының өтетіні туралы хабарлаймын.
Сессияда «Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-63/2 «Жарқайың ауданының Державин қаласының, ауылдық округтері мен ауылдарының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі қаралады.
Сессия Фейсбук әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетіледі. Көру сілтемесі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100024138882090
Депутаттардың келуі мен тіркелуі осы жылдың 15 мамырда сағат 10:30-да жүргізіледі.