
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арыстан Асқарұлы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен, сондай-ақ Zoom платформасы арқылы қосылған аудандық бөлімдердің қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын сақтау, «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ заңдылық қағидаттарын, қызметтік тәртіпті нығайту және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және қызметтік тәртіпті нығайту, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қызметшілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру, адалдық қағидаттарын нығайту және профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің маңыздылығы талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша аталған бағыттарда жұмысты одан әрі жетілдірудің маңызын атап өтті.