
Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді 23 наурыз күні Астана алаңында өтетін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға шақырамыз.
Мерекелік бағдарлама аясында:
🕚 11:00 – Ұлттық киім дизайнерлерінің сән дефилесі;
🕒 13:00 – «Қазына» халық би ансамблінің концерті;
🕖 19:00 – Ғазизхан Шекербековтың концерті болады.
Іс-шараның жүргізушілері – Дәулет Бижанов, Айжани Адайқызы және жасанды интеллект негізіндегі жүргізуші Дара.
Толық ақпарат –
https://nauryzshymkent.onrender.com/ сайтында.
Ұлыстың ұлы күнін бірге қарсы алайық!