
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі –ҚР СІМ) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына (бұдан әрі – РФ ММХҚИ) бюджеттік негіздегі оқуға іріктеуге үміткерлердің құжаттарын қабылдайтыны туралы хабарлайды (бакалавриат бағдарламаларына – 9 квота, магистратура бағдарламаларына – 8 квота және аспирантура бағдарламаларына – 1 квота).
Бакалавриат бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс. экономика, экология және табиғат пайдалану, сауда.
Магистратура бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, экономика, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс, мемлекеттік және муниципалды басқару, қаржы және несие.
Аспирантура бағдарламалары: құқықтану, экономика, саяси ғылымдар, педагогика.
Оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2026 жылғы 30 наурыздан бастап 10 сәуір аралығында ҚР СІМ-нің Адам ресурстары департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады:
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына (аты-жөні, тегі, мекенжайы, байланыс телефоны және оқу мамандығын көрсете) еркін нысандағы өтініш;
- жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
- нотариалды расталған немесе оқу орны растаған білімі туралы құжаттардың көшірмелері (аттестат (егер үміткер құжаттарды тапсыру уақытында аттестатты алмаған жағдайда, 10 және 11 сыныптардың табельдерін ұсыну қажет), жоғары білімі туралы диплом, сертификат);
- нотариалды расталған әр түрлі курстардан, семинарлардан, олимпиадалардан және т.б. сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың көшірмелері (бар болса);
- шет тілдерін меңгеру деңгейін растайтын құжаттар (сертификаттар);
- Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына білім беру ұйымының басшылығынан ұсыныс хат (болған жағдайда);
- оқу орнынан немесе жұмыстан мінездеме;
- 3х4 форматтағы 2 фотосурет;
- еркін нысандағы түйіндеме.
Құжаттар қағаз папкасына тігілуі тиіс.
Конкурстық іріктеу 2026 жылғы 13-14 сәуір аралығында жазбаша емтихан және ауызша әңгімелесу түрінде өтеді. ҚР СІМ-де конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер ММХҚИ-да түсу емтихандарын өз бетінше өтеді.
Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 72 07 54, +7 778 780 17 17, телефондар арқылы немесе [email protected] электрондық мекенжайына хабарласуға болады.