Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

    Министерство осуществляет руководство в сфере внешнеполитической деятельности и возглавляет единую систему органов дипломатической службы Республики Казахстан.

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ММХҚИ бюджеттік негізінде оқуға үміткерлерді іріктеуге құжаттарды қабылдайтыны туралы

    Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі –ҚР СІМ) Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына (бұдан әрі – РФ ММХҚИ) бюджеттік негіздегі оқуға іріктеуге үміткерлердің құжаттарын қабылдайтыны туралы хабарлайды (бакалавриат бағдарламаларына – 9 квота, магистратура бағдарламаларына – 8 квота және аспирантура бағдарламаларына – 1 квота). Бакалавриат бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс. экономика, экология және табиғат пайдалану, сауда. Магистратура бағдарламалары: халықаралық қатынастар, шетелдік аймақтану, экономика, құқықтану, журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс, мемлекеттік және муниципалды басқару, қаржы және несие. Аспирантура бағдарламалары: құқықтану, экономика, саяси ғылымдар, педагогика. Оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2026 жылғы 30 наурыздан бастап 10 сәуір аралығында ҚР СІМ-нің Адам ресурстары департаментіне мынадай құжаттарды ұсынады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына (аты-жөні, тегі, мекенжайы, байланыс телефоны және оқу мамандығын көрсете) еркін нысандағы өтініш; жеке куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; нотариалды расталған немесе оқу орны растаған білімі туралы құжаттардың көшірмелері (аттестат (егер үміткер құжаттарды тапсыру уақытында аттестатты алмаған жағдайда, 10 және 11 сыныптардың табельдерін ұсыну қажет), жоғары білімі туралы диплом, сертификат); нотариалды расталған әр түрлі курстардан, семинарлардан, олимпиадалардан және т.б. сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың көшірмелері (бар болса); шет тілдерін меңгеру деңгейін растайтын құжаттар (сертификаттар); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің атына білім беру ұйымының басшылығынан ұсыныс хат (болған жағдайда); оқу орнынан немесе жұмыстан мінездеме; 3х4 форматтағы 2 фотосурет; еркін нысандағы түйіндеме. Құжаттар қағаз папкасына тігілуі тиіс. Конкурстық іріктеу 2026 жылғы 13-14 сәуір аралығында жазбаша емтихан және ауызша әңгімелесу түрінде өтеді. ҚР СІМ-де конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер ММХҚИ-да түсу емтихандарын өз бетінше өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін +7 7172 72 07 54, +7 778 780 17 17, телефондар арқылы немесе [email protected] электрондық мекенжайына хабарласуға болады.

    30 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

    «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қағидалар) тәуелсіз директорларын конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары лауазымына кандидаттарды конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау жарияланады. Қоғамның атауы және мекенжайы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ 010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/20, С4.1 блогы Тел.: +7 7172 620 627 Веб-сайт: invest.gov.kz Негізгі қызмет түрлері: Қазақстан Республикасына инвестициялар тарту және Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға жәрдемдесу. Үміткерге қойылатын талаптар Жоғары білім және/немесе магистр дәрежесі (экономика, қаржы, менеджмент саласында алғаны құпталады); Мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі кемінде 10 жыл; Директорлар кеңесінің мүшесі және басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл; Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес болуы. Қажетті құжаттар Конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш (Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша); Үміткердің түйіндемесі; Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; Жоғары білім туралы дипломның көшірмесі; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген, үміткердің соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқ екенін растайтын құжаттар; Экономика және/немесе бизнес және/немесе құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар (бар болған жағдайда); Үміткер туралы мәліметтер (Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша); «Тәуелсіз директор» сертификатының көшірмесі. * Іріктеуге қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы (біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәреже мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың, ұсынымдардың және т.б. көшірмелері). Құжаттарды ұсыну мерзімі және тәсілі Құжаттарды қабылдау басталатын күн: осы хабарландыру Жалғыз акционердің (Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі) және Қоғамның интернет-ресурсында жарияланған күннен бастап. Құжаттарды ұсыну мерзімі: 10 (он) күнтізбелік күн ішінде. Мекенжайы (қолма-қол тапсыру үшін): Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/21, С 4.2 блогы, 2-қабат. Электрондық пошта: [email protected] (хаттың тақырыбында «KAZAKH INVEST тәуелсіз директорын іріктеу» деп көрсету қажет). Құжаттар Жалғыз акционердің (ҚР СІМ) атына мөрленген конвертпен ұсынылады. Конвертте: «Үміткердің материалдары (Т.А.Ә.) «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры лауазымына іріктеуге қатысу үшін» деген жазу және үміткердің мекенжайы көрсетілуі тиіс. Қосымша ақпарат Үміткер ұсынған құжаттар толық болуы, ал құжаттардың көшірмелері анық сканерленген (бұлдыр емес) болуы тиіс. Қажет болған жағдайда Комиссия құжаттардың түпнұсқаларын сұратуға құқылы. Екіден кем өтінім түскен немесе барлық үміткерлердің кандидатуралары қабылданбаған жағдайда, конкурс өткізілмеген деп танылады. Байланыс тұлғасы – Комиссия хатшысы (тел.: +7 7172 98 36 55).

    12 тамыз 2025 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Бизнесті басқарудағы Қазақстан-Жапония тәжірибесі «KAIZEN»

    Семинар туралы KazAID Қазақстан Халықаралық даму агенттігі мен JICA Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, Қазақстан-Жапония адами ресурстарды дамыту орталығының қолдауымен, Сіздерді тақырыпқа арналған онлайн-семинарға қатысуға шақырамыз: Бизнесті басқарудағы Қазақстан-Жапония тәжірибесі « KAIZEN» Мерзімі : 2021 жылғы 2-4 наурыз Уақыты : 13.00-16.00 (Нұрсұлтан)/12.00-15.00 (Ашхабад, Душанбе) Ұзақтығы : 3 сағаттан 3 сессия Семинардың мақсаты Қатысушылармен Жапонияда пайда болған және Қазақстанды қоса алғанда, кәсіпкерлік және менеджмент саласында әлемдік танымалдыққа ие болған "KAIZEN" бизнесті басқару әдісі туралы дағдылармен және біліммен бөлісу. Өткізу нысаны Семинар шеңберінде қатысушыларға пікірлес кәсіпқойлардың тиімді желісін құру мақсатында бір-бірімен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретін кездесулер мен топтық жұмыс үшін Zoom платформасы пайдаланылатын болады. Кім қатыса алады? Семинар Тәжікстан мен Түркіменстанның жергілікті шағын бизнес кәсіпкерлеріне арналған. Курс қатысушылары орыс тілін еркін меңгеруі тиіс. Қалай тіркелуге болады? Қатысуға өтінім беру үшін үміткерлер тіркеу нысанын толтырып, оны электронды мекен-жайға жіберуі керек: [email protected] Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін (қоса алғанда)жүзеге асырылады Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге жоғарыда көрсетілген электронды мекен-жайға жіберіңіз. "KAIZEN" бизнесін басқарудың жапондық әдістемесі мен ұйымдастырушылары туралы толық ақпаратты келесі беттерден таба аласыз KAIZEN KAIZEN – Japan's approach towards improved quality and productivity/ The driving force of Japan's rapid growth ( https://www.jica.go.jp/english/publications/brochures/c8h0vm0000avs7w2-att/japan_brand_02.pdf ) "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қысқа мерзім ішінде Қазақстан көмек алушыдан даму мақсатында Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға қолдау көрсету үшін басқа донор елдермен ынтымақтасатын халықаралық донорға айналды. "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Қазақстан Республикасының Дамуға ресми көмек ұлттық жүйесінің (ДРК) операторы болып табылады. Агенттік Үкіметтің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен серіктес елдерде Қазақстанның ДРК саясатын іске асыру мақсатында құрылды. KazAID кедейшілік, халықаралық қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы және заңсыз көші-қон проблемаларын қоса алғанда, тұрақты дамудың жаһандық және өңірлік проблемаларын шешуге үлес қосуға, сондай-ақ әріптес елдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына жәрдем көрсетуге ұмтылады. Жапон халықаралық ынтымақтастық агенттігі "JICA" 1954 жылы Коломбо жоспарына қосылған сәттен бастап Жапония халықаралық қоғамдастықтың бейбітшілігі, тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуға ұмтыла отырып, ДРК шеңберінде дамушы елдерге қаржылық және техникалық көмек көрсетеді. Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) Жапония Үкіметінің дамуға ресми көмек (ДРК) Атқарушы Агенттігі болып табылады. Құрылғаннан бері (1974) ол дамушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық дамуға және адам ресурстарын дамытуға өз үлесін қосады. JICA халықаралық ұйымдарға жарналарды қоспағанда, техникалық ынтымақтастық, қаржылық және инвестициялық ынтымақтастық және гранттар сияқты барлық ДРК-ны кешенді басқарумен айналысады. JICA, әлемдегі ең ірі екі жақты көмек агенттігі, 150-ден астам елдер мен аймақтарда жұмыс істейді және 90-ға жуық шетелдік өкілдіктерге ие. "KJC" Қазақстан-жапон адам ресурстарын дамыту орталығы Қазақстан-Жапония орталығы 2000 жылы Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) жобасы ретінде Жапония мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісім шеңберінде құрылды. 2012 жылдан бастап Нархоз Университетінің басқаруындағы Орталық Қазақстандағы адами ресурстарды дамыту жөніндегі өз миссиясын жүзеге асыруды жалғастыруда. Қазақстандықтарды Жапония мәдениетімен және тілімен таныстырудан басқа, жапон менеджменті бойынша тренингтер өткізуге ерекше көңіл бөлінеді. 2012 жылға дейін JICA өндірісті басқару және сапаны бақылау саласындағы жапондық мамандарды белсенді түрде жіберді, олар орталық базасында қазақстандық кәсіпкерлер үшін ашық семинарлар өткізді. Қазір Орталық тәжірибелі қазақстандық кеңесшілердің басшылығымен кәсіпкерлер мен компаниялар үшін семинарлар өткізуді тәжірибеде қолданып жүр. Ұқыпты өндіріс тақырыбына, сапаны бақылауға және Қазақстанда KAIZEN философиясын ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінеді. Алынған білім мен үнемді өндіріс құралдарын қолдана отырып, жергілікті компаниялар тиімділікті арттырып, өндірістік көрсеткіштерін жақсартты.

    2 наурыз 2022 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Виртуалды іс-шара: "Әйелдер күші: COVID-19 пандемиясынан кейінгі кезеңдегі өсу тенденциялары"

    Сіздерді Орталық Азия, Үндістан және Ауғанстандағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған халықаралық іс-шара әйелдер саммитіне қатысуға шақырамыз. Іс-шара туралы: Орталық Азия, Үндістан және Ауғанстандағы Әйелдер саммиті, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық іс-шара 2021 жылғы 23 тамызда өтеді. Саясаткерлер, кәсіпорындар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Орталық Азия, Оңтүстік Азия, АҚШ және басқа да елдердің жаңашылдары әйелдердің экономикалық жұмыспен қамтылу әлеуетін, сондай-ақ аймақтағы әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қол жеткізу үшін пандемиядан кейінгі үрдістер мен мүмкіндіктерді талқылау үшін жиналады. Тіркелген қатысушылар іс-шараға толық қол жеткізе алады, саммиттің үш сессиясына қатыса алады, +20 спикермен пікірталастарға қатыса алады және әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылармен сөйлесе алады. Әйелдер саммиті теңсіздікті күшейткен COVID-19 дағдарысы кезінде туындаған мәселелерді талқылауға көмектеседі және экономикалық өсудің жоғары қарқынын сақтау және әйелдердің экономикаға қатысуын кеңейту қажеттілігін атап өтеді. Экономика пандемиядан кейін қалпына келе бастағанда, біз әйелдердің қатысуын қалпына келтіру күш-жігерінің орталығына қоюымыз керек. Аталған іс-шараны АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) мен Қазақстанның халықаралық даму жөніндегі агенттігі (KazAID) АҚШ-тың сауда министрлігімен (коммерциялық құқықты дамыту бағдарламасы) және БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Бізге қосылыңыз, біз әйелдер саммитіне қайта ораламыз! Модератор: Альфия Мусина, Өзбекстандағы бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыспен қамту бойынша USAID жобасының директоры. Баяндамашылардың алдын ала тізімі: Мария Доценко, Қазақстандағы "БҰҰ-Әйелдер" құрылымы жетекшісі Ләззат Рамазанова, Қазақстан Парламентінің Депутаты Талиса цур Хаузен, Саяси талдаушы, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Шахло Турдикулова, Инновация министрінің орынбасары, Өзбекстан Дизайа Милошевич, Атқарушы Кеңестің Мүшесі, Internet Society of Serbia Тіркелу үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз: https://us06web.zoom.us/webinar/register/WN_taXJmvqJQKyZDP1T-OVK4Q Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз: Ильяс Искаков Бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыспен қамту бойынша USAID жобасы [email protected] Лейла Сагымбаева Қазақстандық Халықаралық Даму Агенттігі (KazAID) [email protected]

    23 тамыз 2021 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 13-ші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

    Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ! 2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 13- ші халықаралық кездесу өтеді. Осыған орай, аккредиттеу үшін 2019 жылғы 31 ш ілденің сағат 1 2: 00- ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын ( doc ) [email protected] поштасына жолдауды сұраймыз. Аккредитация сұрақтар бойынша 8 (7172) 72-02-36 нөмерге хабарласуыңызды сұраймыз.

    19 шілде 2019 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша келіссөздердің 12-ші кезеңіне БАҚ аккредиттеу туралы

    Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! 2019 жылғы 25-26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 12-ші халықаралық кездесу өтеді. Осыған орай, аккредиттеу үшін 2019 жылғы 24 сәуірдің сағат 14.00-ге дейін қоса берілген толтырылған аккредиттеу нысанын жолдауды сұраймыз. Аккредитация сұрақтар бойынша 8(7172) 72-00-11нөмерге, [email protected] хабарласуыңызды сұраймыз.

    22 сәуір 2019 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін ең тартымды салалар қандай?

    Жауап

    Қазақстан шетелдік инвесторларды агроөнеркәсіптік кешен, металлургия өнеркәсібі, энергетика (мұнай, газ, жаңартылатын энергия көздері), тау-кен өнеркәсібі (көмір, уран, мыс және т. б.), машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, фармацевтика, білім беру және денсаулық сақтау, туризм, өңдеу өнеркәсібі және кәдеге жарату және қайта өңдеу сияқты салаларға тартады. Бұл салалар өсіп-өркендеу әлеуеті жоғары болып табылады және мемлекеттік бастамалар мен бағдарламалар арқылы қолдау табуда. (Қызметтің басым түрлерінің тізбесі https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1600000013). Байланыс деректері: - Сайт www.invest.gov.kz; - Тел: +7 7172 620 620.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Қазақстанға инвестиция салу мәселелері бойынша қалай кеңес алуға болады?

    Жауап

    Қазақстанға инвестиция мәселелері бойынша кеңес алу үшін «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясына жүгіну қажет. Ол Инвестиция комитетінің қарамағында болып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізеді. KAZAKH INVEST инвесторларға кешенді қолдау көрсетіп, құжаттарды рәсімдеу, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және консультациялық қызметтер ұсынады. (Сайт www.invest.gov.kz) Байланыс: +7 7172 620 620.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық келісімшарт бойынша есепті қандай нысан бойынша және қашан тапсыру қажет?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес инвестициялық келiсiмшарт жасалғаннан кейiн ҚР заңды тұлғасы инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешіктірмей, тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып ұсынады.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру қашан жүргізіледі?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-2-бабының 3-тармағына сәйкес инвестициялық қызмет объектісіне бару арқылы тексеру жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда тіркелген активтер пайдалануға берілгеннен кейін алты ай ішінде жүргізіледі.

    ҚР СІМ·
    Сұрақ

    Инвестициялық келісімшарт негізінде алынған мемлекеттік заттай грантты сала аламын ба?

    Жауап

    ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 296-1-бабының 9-тармағына сәйкес инвестициялық келiсiмшарт жасасқан Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданысы ішінде: 1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктiң нысаналы мақсатын өзгертуге; 2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктi иеліктен шығаруға құқығы жоқ.

    ҚР СІМ·
    Приказ

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН : 1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    ҚР СІМЖарияланды:
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.