
2026 жылдың 31 наурызында Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес – балалардың тамақтануына, тұруына, оларға медициналық көмек көрсетуге, білім беруге, оларды тәрбиелеуге, сауықтыруға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын субъектілерге (объектілерге) қатысты енгізілген ерекше бақылау бойынша семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балаларға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау, білім беру және тәрбиелеу объектілерін тексеруді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері талқыланып, түсіндірілді.