Зеренді ауданы Бәйтерек
ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы
хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Зеренді аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Зеренді ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкіміне келесі кандидаттар тіркелді:
- Әлжанов Әділхан Тілеулесұлы, 1983 жылы туған, «Зеренді ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Әубәкірова Сандуғаш Қайырбекқызы, 1991 жылы туған, Зеренді ауданының «Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Зеренді ауданының Ақкөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
- Шәкіржанов Ержан Нұрғалиұлы, 1966 жылы туған, «Зеренді-астық» ЖШС заңгері, Зеренді ауданының Зеренді ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.
Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы