Z-ИНФОРМ» ЖШС
ТОО «Z-ИНФОРМ»
«Зерделі Зеренді» «Зерен»
қоғамдық - саяси газеті общественно-политическая газета
Ақмола облысы Акмолинской области
Зеренді ауданы Зерендинского района
Зеренді с., Тәуелсіздік (Мира) к.65с.Зеренда,ул.Тәуелсіздік (Мира),65
Тел./ факс: 8-71632-20-1-93,[email protected]
Зеренді аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясына
Ақпараттық хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, Зеренді аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы №5/137 «Ақмола облысы Зеренді ауданының Бәйтерек ауылдық округінің әкімін өкілеттік мерзімінің тоқтатылуы бойынша сайлауды тағайындау туралы» қаулысы негізінде, сайлаудың 2026 жылдың 12 сәуір тағайындалуына байланысты «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерінің редакциясы ауылдық округінің әкімі қызметіне кандидаттарға сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге баспа алаңын береді. Зеренді ауданының ауылдық округінің әкiмін сайлауды өткiзу бойынша үгiт материалдарына шарттар жасасу тiркеу аяқталған күннен басталады: 2026 жылдың 22 наурыз.
1 шаршы сантиметрдің құны 140 (жүз қырық) теңге – 2,3,4,5 жолақтар (ақ-қара).
Зеренді ауданының ауылдық округі әкімінің қызметіне кандидаттарға газет алаңын беруге Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы шешімі және бұқаралық ақпарат құралдары басшысының атына жазылған жазбаша өтініші негіз болады.
Материалдар дайын баспа түрінде (әр парақта кандидаттың немесе оның сенімді тұлғасының қолы қойылған) немесе электронды тасымалдағышта ұсынылады.
Зеренді ауданының ауылдық округі әкімінің қызметіне кандидаттардың сайлауалды үгіттеу материалдары 100% алдын ала төлемнен кейін, олардың келіп түсу тәртібімен, «Зерделі Зеренді» және «Зерен» газеттерімен жасалған келісімдерде көрсетілген мерзімде жарияланады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Зеренді ауданының ауылдық округі әкімінің қызметіне кандидаттардың сайлауалды үгіттеу жарияланымдарында қаржыландыру көздері туралы ақпараттың болуы қажет екенін ескертеміз.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңының талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
«Z-ИНФОРМ»ЖШС директоры: С.В.Ким.