
Мемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарын орындау шеңберінде Көксу ауданының әкімдігі, аудандық бөлімдер және ауылдық округ әкімдері аппараттары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша есепті жария талқылау өткізілді.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, қызмет көрсетушілер, сондай-ақ мүдделі жеке және заңды тұлғалар қатысты.
Талқылау барысында мемлекеттік қызметтердің сапасы, қолжетімділігі және ашықтығы, оларды көрсету стандарттарының сақталуы, сондай-ақ қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру және оңтайландыруға қатысты ұсыныстар қаралды.
Іс-шара қорытындысы мемлекеттік қызметтер жүйесінің тиімділігін арттыру және олардың сапасын жақсарту мақсатында пайдаланылатын болады.