
19 наурызда Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы А.Ғ. Әбенов кәсіпкердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша жеке қабылдауды «Атамекен» ҰКП алаңында өткізді.
Аталған кездесу «Атамекен» ҰКП және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
Қабылдау барысында кәсіпкердің өтініштері қаралды, оның заңды мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ қаржылық қолдау құралдарын алу мәселелері талқыланды.
Кәсіпкерге мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары мен бизнестің құқықтарын қорғау тетіктері бойынша толық түсіндірмелер берілді. Бірқатар мәселелер бойынша нақты шешімдер қабылданып, кейбір өтініштер одан әрі сүйемелдеу үшін бақылауға алынды.
Осындай кездесулер мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға және бизнес-қоғамдастықпен өзара әс-қимылды нығайтуға бағытталған.