
👕 Фитнеспен айналысуға арналған спорттық киім дизайны
📌 Тақырыбы: «Зияткерлік меншік және спорт: старт, назар аудару, инновациялар»
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары комитеті конкурсқа қатысуға шақырады!
👥 Қатысушылар:
• 10–11 (12) сынып оқушылары
• колледждердің 1–2 курс студенттері
🎯 Конкурстың мақсаты:
Жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту, зияткерлік меншік туралы білімді насихаттау және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құрмет қалыптастыру.
📅 Өткізу мерзімі:
• 2026 жылғы 20 сәуір – 14 мамыр
📍 Кезеңдері:
🔹 Өңірлік кезең — облыстардың, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Әділет департаменттерінде
🔹 Республикалық кезең — Комитетте
📝 Маңызды:
📥 Өтінім қабылдау: 20–30 сәуір
🏆 Үздік жұмыстарды іріктеу: 6 мамырға дейін
🎖 Финал (республикалық кезең): 12–14 мамыр
____________
🔶Конкурстық жұмысқа қойылатын талаптар
Қатысушылар материалдарды тұрғылықты жері бойынша Әділет департаментіне email
- [email protected]; samattokuzhin@gmail
📌Мыналарды ұсыну қажет:
- Қатысуға өтінім
- Туу туралы куәліктің немесе жеке куәліктің көшірмесі
- Спорттық киім дизайнының эскизі және жұмыстың сипаттамасы (электрондық түрде)
▫️Қатысудың міндетті шарттары
- қатысушының instagram профилі ашық болуы керек
- #Антиконтрафакт2026 хештегімен жұмысты жариялап, атап өту қажет @adiletgovkz
- жұмыстың мазмұны заңдарға және мораль нормаларына қайшы келмеуі тиіс
- қатысу тегін
- бір қатысушы - бір жұмыс
▫️Конкурс номинациялары
1. «Көрермендерді таңдау» - Instagram-дағы лайктардың ең көп саны үшін
2. «Үздік киім дизайны» - комиссияның шешімі бойынша
Екі номинация бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
▫️Бағалау критерийлері
- тақырыпқа жауап беру
- идеяның жаңалығы мен өзектілігі
- мазмұны
- креативтілік және бірегейлік
- бейненің үйлесімділігі мен тұтастығы
☎️Байланыс телефоны: 8 (7152)33-76-66
✨ Өз талантыңды көрсетіп, өзіңді танытуға мүмкіндік ал!