
Шиелі аудандық сайлау комиссиясының «Округтік және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін орнынан босату туралы» 2026 жылғы 8 сәуірдегі №АСК-26/81 қаулысымен Қожабекова Жадра Мырзабекқызы №5 округтік және Бекболатов Шынболат Бекболатұлы №270, Төребек Қаракөз Жамбылқызы №270, Мұсабаев Мұрат Егізбайұлы №274, Күлекеев Қуаныш Әбдікәрімұлы №276, Тымбаулиев Құрмаш Қаппарұлы №276, Қожаназарова Гүлнар Молданазарқызы №278, Бакирова Светлана Кенесовна №280, Жүзбаева Гүлбарам Зарқұмқызы №282, Есім Асқар Оразымбетұлы №283, Қонысбаев Серік Кенбайұлы №293, Бектұрсынов Мейрамбек Жандарбекұлы №298, Айтуаров Рамазан Ерікұлы №298, Махамбет Асылзада Нұрахметқызы №303 учаскелік сайлау комиссияларының мүшесі міндетінен босатылған.
Шиелі аудандық мәслихаты Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 Конституциялық заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес мүшесі шығарылған №5 округтік және №270, №274, №276, №278, №280, №282, №283, №293, №298, №303 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын толықтыру үшін сайлау өткізуге конкурс жариялайды.
Конкурс мерзімі 2026 жылдың 22 сәуірден 2026 жылдың 12 мамыр. Конкурсқа мүшесі шығарылған округтік және учаскелік сайлау комиссияларында өкілдері жоқ саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және округтік және учаскелік сайлау комиссиясынан жоғары тұрған сайлау комиссиялары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау уақыты және мекен жайы:
120700, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6 Б. Аудандық мәслихат.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау дүйсенбі - жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 15: 00-ге дейін.
Жауапты маман–Базарбаева Майгүл Мәлкәждарқызы, ауданаралық телефон коды (8-724-32-4-25-42), қызметтік телефон ұялы телефоны: 8-702-5408512, электрондық пошта мекенжайы: [email protected]