
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабының 2 және 3 тармақтарын басшылыққа алып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
- Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 45 сессиясы 2026 жылдың 15 мамыр күні аудан әкімдігінің мәжіліс залына сағат 17:00–ге шақырылсын. Оның күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілсін:
- 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі.
2025 жылға арналған Шиелі кенті және Ақмая, Ақтоған, Алмалы, Бәйгеқұм, Бәйтерек, Бестам, Еңбекші, Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Жөлек, Жуантөбе, Иіркөл, Керделі, Қарғалы, Қоғалы, Майлытоғай, Ортақшыл, Сұлутөбе, Талаптан, Тартоғай, Телікөл, Тұран ауылдық округі бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есебі.
2) Аудандық мәслихаттың экономикалық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
- Шиелі аудандық мәслихатының кезекті 45 сессиясына аудан әкімі, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округтерінің әкімдері, дербес бөлім басшылары шақырылсын.
- Шиелі аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабының 3 тармағының талаптарына сай аудандық мәслихаттың кезекті 45 сессиясын дайындау және өткізу тапсырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы М.Турабаев