ХАБАРЛАНДЫРУ!

    Орган
    kegen-kegen
    Орны
    Кеген
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ХАБАРЛАНДЫРУ!
    ОбъявлениеАяқталды


    Құрметті Кеген ауданының тұрғындары!
    2025 жылдың 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жыл сайынғы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау басталады.
    Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі (Қағидаларға ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 306 және 2022 жылғы 16 қарашадағы № 904 қаулысымен өзгерістер енгізілді).
    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.
    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаттары:
    1) Отбасы институтын, адамгершілікті руханилықты нығайту, жауапты
    ерлі-зайптылықтың маңызын тану;
    2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін аттыру;
    3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
    4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау;
    Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
    Конкурсқа: Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тиым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар отбасылар қатыса алмайды.
    Конкурс өткізу туралы толық мәліметті Кеген ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
    Конкусқа қатысу үшін өтінім («Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидасына сәйкес), құжаттардың көшірмелері, фотосуреттер және т.б Кеген ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудан әкімдігі аппаратының ғимараты (Кеген ауылы, Б.Момышұлы к-сі №19 үй, 108 кабинет) тапсырылады.
    «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған Өтінім:
    Отағасының (әкесі немесе шешесінің) деректері
    1. Аты-жөні2. Жасы, жынысы
    3. Білімі
    4. Жұмысы
    5. Отбасы құрамы туралы мәлімет
    6. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немен жақсы атағы шыққан
    7. Наградаларының, марапаттарының болу мен түрлері
    8. Отбасының әрбір мүшесінің деректері
    9. Оның аты-жөндері
    10. Жасы
    11. Жұмысы
    12. Тұрғылықты мекендері (мекен жайы және тел.)

    Культура

    Ұқсас материалдар

    НазначениеАяқталды

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП - Тұрақты қоғамның кепілі

    Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның кепілі Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты – еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты, азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық мәдениетті қалыптастырудың басты негіздерінің бірі. Заң үстемдігі орнаған қоғамда әрбір азаматтың құқығы қорғалып, әділеттілік пен жауапкершілік қағидаттары берік орнығады. Бүгінгі таңда қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндетіне айналуда. Заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіпті бұзбау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды факторлар. Осы бағытта аудан көлемінде мемлекеттік органдар, құқық қорғау мекемелері, білім беру ұйымдары мен қоғамдық институттар бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізуде. Халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында кездесулер, түсіндіру жұмыстары, дөңгелек үстелдер мен акциялар ұйымдастырылып келеді. Әсіресе жастар арасында заңға құрметпен қарау, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар, рейдтік жұмыстар тұрақты түрде өткізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілуде. Мұндай жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, қоғамдағы өзара сенім мен жауапкершілік мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.

    15 маусым 2026 ж.Тікелей
    НазначениеАяқталды

    "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ауылымызда "Таза бейсенбі" сенбілік іс - шарасы өтті.

    Тазалық жұмыстары барысында көше бойлары, арық - атыздар тазартылып, мекеме алдына гүл отырғызылды. Таза ауыл - баршамызға ортақ міндет. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны таза ұстау - әр азаматтың парызы. Бірлігіміз жарасқан ауылымыз әрдайым көркейе берсін!

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.