
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "KEDEN"ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында СЭҚ қатысушылары, кеден өкілдері мен Департамент қызметкерлері жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ жүйені жетілдіру бойынша ұсыныстармен алмасты. Қызметкерлер декларацияларды тапсыру және өңдеу, процестерді автоматтандыру және ресімдеу уақытын қысқарту үшін ыңғайлы құралдарды қоса алғанда, "KEDEN" АЖ негізгі функционалдық мүмкіндіктерін көрсетті.
Мәселен, 2026 жылдың 11 сәуірінен бастап " KEDEN " ақпараттық жүйесінде "тауарларға арналған декларация" модулі іске қосылды. Осы модуль шеңберінде тауарларға арналған декларацияны немесе жолаушылар кедендік декларациясын қолдана отырып ресімделген VIN-код бойынша көлік құралдарын кедендік тазарту фактісін қарау функциясы іске асырылды . Бұдан басқа, жүйеде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тізілімдері, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізілімі, зияткерлік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі ,мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер тізілімі, құжаттар мен лицензиялар базасы, техникалық реттеу саласындағы сәйкестікті бағалау туралы құжаттар мен аккредиттеу субъектілерінің тізілімі, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдары қалыптастыратын кедендік тізілімдер қолжетімді. Іс-шара қорытындысы бойынша кедендік әкімшілендіру процестерінің тиімділігін арттыру және жүйенің функционалын жетілдіру мақсатында жүйені пайдаланушылармен одан әрі өзара іс-қимылдың маңыздылығы атап өтілді.