
Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында 2026–2027 оқу жылына магистратураға оқуға қабылдау мәселелеріне арналған жиналыс өтті.
Іс-шара барысында қабылдау қағидаларындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар, үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері жан-жақты қарастырылды. Қатысушыларға құжаттарды тапсыру тәртібі, қабылдау кезеңдерінің мерзімдері және іріктеу критерийлері бойынша түсіндірмелер берілді.
Жиналыста Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Түменбаев Сабыр Әшірбайұлы баяндама жасады. Өз сөзінде ол магистратураны дамытудың басым бағыттарына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы қабылдау науқанына дайындық бойынша қажетті ұсынымдар мен түсіндірмелер алды.
БҚО бойынша МКД қызметкерлеріне белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз.