
Департамент мамандары «Ашық есік күнің» өткізді.
Іс-шара барысында келушілер балалардың сауықтыру нысандарына қойылатын санитариялық талаптармен таныстырылды.
Негізінен түскен сұрақтар жазғы сауықтыру лагерлерінің қызметіне қойылатын талаптар, нысандардың рұқсат құжаттарының болуы, медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларды жазғы лагерьге жіберу кезінде медициналық құжаттарды рәсімдеу мәселелеріне қатысты болды.
Шара аясында барлық өтініш білдірушілерге қойылған сұрақтар бойынша толық әрі жан-жақты түсініктемелер берілді.