
Басшының орынбасары Г.К.Досумова АПВ профилактикасы: вакцинацияның жаңа жас тобы тақырыбындағы брифингке қатысты.

Басшының орынбасары Г.К.Досумова АПВ профилактикасы: вакцинацияның жаңа жас тобы тақырыбындағы брифингке қатысты.
Басшының орынбасары Қостанай облысындағы жазғы туристік маусымға дайындыққа арналған брифингке қатысты .
Департамент мамандары «Ашық есік күнің» өткізді. Іс-шара барысында келушілер балалардың сауықтыру нысандарына қойылатын санитариялық талаптармен таныстырылды. Негізінен түскен сұрақтар жазғы сауықтыру лагерлерінің қызметіне қойылатын талаптар, нысандардың рұқсат құжаттарының болуы, медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ балаларды жазғы лагерьге жіберу кезінде медициналық құжаттарды рәсімдеу мәселелеріне қатысты болды. Шара аясында барлық өтініш білдірушілерге қойылған сұрақтар бойынша толық әрі жан-жақты түсініктемелер берілді.
Басшы орынбасары Г . К . Досумова брифингке қатысып , уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығы туралы айтты .
Департамент қызметкерлері «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясына қатысты. 25 сәуірде акция аясында Мемлекет басшысы мен еліміздің барлық өңірлерінен келген өкілдер қатысқан телекөпір өтті. Триатлон саябағында облыс әкімі Құмар Ақсақалов, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, белсенді жастармен бірге әріптестер тікелей эфирде ондаған қарағай отырғызды. Мұндай бастамалар экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар қоғамды маңызды мақсатқа біріктіреді: болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау.