
ORAL:Студенттермен кездесу
«Заң және тәртіп» нарративі аясында Орал медициналық колледжінде 1–2 курс студенттерімен кездесу өтті. Спикерлер ретінде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, Полиция департаментінің, Қорғаныс істері департаментінің өкілдері, сондай-ақ теолог маман қатысты.
Кездесудің тақырыбы дропперлік, есірткі заттарын заңсыз тарату және деструктивті діни ағымдар болды. Спикерлер интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау тәсілдері, сондай-ақ құқықбұзушылықтар мен дропперлік үшін жауапкершілік шаралары туралы жан-жақты баяндады.