
ORAL: Отан қорғаушылар күні
Отан қорғаушылар күні қарсаңында БҚО бойынша ЭТТД-нің әйелдер ұжымы ер азаматтарға жағымды тосынсый дайындады — қыз-келіншектер жұмысқа әдеттегіден ертерек келіп, Департамент ғимаратының кіреберісінде әріптестерін жеке қарсы алды.
Ізгі тілектер мен жылы лебіздер айтылып, ер азаматтарға естелік сыйлықтар табысталды. Бұл оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, кәсібилігі, жауапкершілігі және қызметке адалдығы үшін көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісіне айналды.
БҚО бойынша ЭТТД ұжымы ҚР ҚМА-нің барлық ер азаматтарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды! Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық, өз күштеріңізге сенімділік және ел игілігі жолындағы қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз.