
ORAL:Тыл ардагерін құттықтау
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері тыл ардагері Мария Мартыновна Качинскаяға арнайы барып, оның Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Кездесу барысында тыл еңбеккеріне естелік сыйлық пен гүл шоқтары табысталды. Департамент қызметкерлері оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақ-береке және бейбіт өмір тіледі.
Осындай кездесулер өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде және соғыс жылдарындағы ел үшін еңбек еткен буынның ерлігін ұмытпау жолында маңызды орын алады.
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету — олардың жанқиярлық еңбегі мен төзімділігіне деген алғысымыз.