ORAL:ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасымен дөңгелек үстел өткізілді
БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы А.Г. Әбенов ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Назгүл Рахматуллинаның төрағалығымен облыстық сот базасында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Өзекті мәселелерді талқылауға БҚО бойынша ЭТД басшысының орынбасары Ж. Кенжебаев та қатысып, баяндама жасады. Өз сөзінде ол сот-тергеу қызметінің жүйелі қиындықтарына егжей-тегжейлі тоқталып, дәлелдемелік базаны қалыптастыру мәселелерін және сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында туындайтын процестік аспектілерді қозғады.
Сонымен қатар, қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде тәжірибеде туындайтын проблемалық мәселелер талқылаудың негізгі тақырыбына айналды. Кездесу барысында қатысушылар сот-тергеу қызметінің жүйелі қиындықтарын жан-жақты талдады.