Рекрутинг

    Орган
    afm-zko
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Рекрутинг
    ЯрмаркаАяқталды

    ORAL: Рекрутинг

    БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық мониторинг органдарының қатарына білікті жас мамандарды тартуға бағытталған ауқымды рекрутингтік науқанға белсенді қатысты. Өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының түлектерімен кездесу аясында Департамент өкілдері ведомствоның көлеңкелі экономикамен күресуге, заңды бизнесті қорғауға және елдің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған миссиясы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

    Іс-шара барысында ЭТТД қызметкерлері заманауи тергеуші мен жедел уәкілдің заңнама, қаржы және IT-технологиялар салаларында терең білімі болуы тиіс екенін атап өтіп, қызметтің ерекшелігін жан-жақты ашып көрсетті. Әлеуетті кандидаттарға іріктеудің негізгі талаптары, арнайы бастапқы оқудан өту ерекшеліктері түсіндірілді, сондай-ақ әрбір қызметкер үшін міндетті болып табылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен кәсіби әдептің жоғары стандарттары туралы айтылды.

    Рекрутингтік науқан аясында мұндай кездесулерді өткізу Департаменттің ашықтығын көрсетуге және өңірдегі ең қабілетті әрі ынталы жас мамандар арасынан сапалы кадрлық резервті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Ұқсас материалдар

    КездесуЭфирде

    Студенттермен кездесу

    ORAL: Студенттермен кездесу БҚО бойынша ЭТТД ҰББ-ның жедел уәкілі Жоғары аграрлық-техникалық колледжде өткен іс-шараға спикер ретінде қатысты. Кездесу барысында ол студенттер алдында сөз сөйлеп, дропперлік тақырыбына — қаржылық құқықбұзушылықтардың кең таралған түрлерінің бірі — кеңінен тоқталды. Спикер дропперлер дегеніміз — материалды сыйақы үшін өздерінің банктік шоттарын немесе төлем құралдарын үшінші тұлғаларға беретін адамдар екенін түсіндірді. Сондай-ақ мұндай схемаларға қатысудың салдарына ерекше назар аударылды. Қызметкер тіпті жанама қатысудың өзі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ жастардың болашағына кері әсерін тигізетінін атап өтті.

    24 сәуір 2026 ж.Тікелей
    НовостиАяқталды

    Бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу: БҚО-да кредиттік серіктестік басшысы сотталды

    Бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу: БҚО-да кредиттік серіктестік басшысы сотталды Батыс Қазақстан облысында алаяқтық, өкілеттіктерін теріс пайдалану және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша бұрынғы кредиттік серіктестік басшысына қатысты сот үкімі шығарылды. Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізген тергеу барысында сотталған тұлғаның өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, «Агробизнес» несиелеу бағдарламасы аясында өз бақылауындағы шаруа қожалығына 126,7 млн теңге сомасына заңсыз жеңілдетілген несие рәсімдегені анықталды. Кейіннен несие қаражаты ірі қара малды сатып алмастан, шаруа қожалығының есепшотынан қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар, ол «АЖБ» ақпараттық жүйесіне шын мәнінде жоқ мал туралы жалған мәліметтер енгізу арқылы асыл тұқымды сиырларды сатып алу және өсіруге арналған «2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде бөлінген 24 млн теңге көлеміндегі субсидияларды заңсыз алған. Заңсыз алынған несие қаражатына күдікті монша кешені, жер учаскесі сатып алынып, онда сауда үйін салған. Сонымен қатар, мүліктің нақты иесін жасыру мақсатында жылжымайтын мүлікті туысының атына рәсімдеген. Сот үкімімен азамат 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған құны 186,4 млн теңге болатын мүлкі – жер учаскесі бар монша кешені және сауда үйі тәркіленді. Сонымен қатар, коммерциялық ұйымдарда басқару лауазымдарын атқару 5 жыл мерзімге құқығынан айырылу жазасы қолданылған. БҚО бойынша ЭТТД

    17 маусым 2026 ж.Тікелей
    УчениеАяқталды

    Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде

    Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТ Т Д қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде Батыс Қазақстан облысында «Заң және Тәртіп» нарративі аясында БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алдын алу акциясы басталды. Оның мақсаты — жастарды қаржылық тәуекелдер мен интернет-алаяқтықтан қорғау. «Заң және Тәртіп» қағидаты — бұл тек құқық бұзушылықпен күрес қана емес, сонымен қатар, бала кезден басталатын ауқымды ескерту және алдын алу жұмысы. Жазғы каникул — балалардың интернетте көп уақыт өткізетін кезеңі, демек, олар желілік алаяқтардың немесе заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардың нысанасына айналуы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері өңірдегі балалар лагерьлеріне барды. Мектеп оқушыларына күрделі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру үшін Департамент қызметкерлері іш пыстыратын лекциялардан бас тартып, интерактивті форматтарды қолданды. Кездесулер жанды қарым-қатынас режимінде өтуде: - Динамикалық блиц-сұрақтар мен викториналар: балалар фишингтік сілтемелерді тануды және желідегі жеке деректерін қорғауды жедел үйренеді. - Нақты кейстерді талдау: офицерлер интернеттегі жеңіл табыстың қауіптілігі мен лудоманияның (құмар ойынға тәуелділіктің) зиянын көрнекі түрде түсіндіреді. "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыру өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудан басталады. Ойын мен ашық диалог арқылы біз балалардың бойына қаржылық қырағылық пен сыни ойлаудың негіздерін ұялатамыз», — деп атап өтті БҚО бойынша ЭТТД. Профилактикалық акция жаз бойы жалғасып, облыстың негізгі балалар демалыс алаңдарын қамтиды. Бұл Жайық өңірінің жас тұрғындары үшін каникулды тек жарқын ғана емес, сонымен бірге барынша қауіпсіз етуге мүмкіндік береді. БҚО бойынша ЭТТД

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    ORAL: Профилактикалық акцияның бастауы

    ORAL : Профилактикалы қ акцияның бастауы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жазғы лагерьлерде демалып жатқан балалардың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған арнайы акцияны бастады. Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпаққа қазіргі заманғы экономиканың қалай жұмыс істейтінін және цифрлық әлемде қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екенін қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу. Акция аясында ЭТТД қызметкерлері өңірдегі балаларға арналған лагерьлерді аралауда. Олар жалықтыратын лекциялардың орнына интерактивті ойындар, квестер мен викториналар өткізуде. Балаларға киберқауіпсіздіктің негізгі ережелері, интернеттегі жеке деректерді қорғау жолдары, сондай-ақ бүгінде жасөспірімдердің ойын аккаунттары мен карталарына көз тіккен қаржы пирамидалары мен мобильді алаяқтардың айла-амалдары туралы айтылады.

    15 маусым 2026 ж.Тікелей
    УчениеАяқталды

    Жеке құрамды тексеру

    ORAL: Жеке құрамды тексеру Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Дабыл» сигналы бойынша жеке құрамның жиыны өткізілді. Іс-шара қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын тексеру, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде бөлімшелердің жедел әрекет етуі мен өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында ұйымдастырылды. Қызметкерлер жинақтау орнына белгіленген уақыт ішінде келіп жетті. Қызметтік киім үлгісінің сәйкестігі мен дабыл сөмкелерінің құрамы тексерілді. Оқу дабылы жеке құрамның штаттан тыс жағдайларда жедел әрекет етуге дайындығын растады.

    29 мамыр 2026 ж.Тікелей
    КеңесАяқталды

    АКК мәселелері бойынша жиналыс

    ORAL : АКК м әселелері бойынша жиналыс Орал қаласында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы А.Әбеновтің төрағалығымен мемлекеттік субсидияларды жымқыруға және бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Маңызды жиынға өңірдегі қаржылық және құқықтық тәртіпті күшейту мақсатында БҚО әкімінің орынбасары Қ.Ш. Айтмухамбетов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ж.Ж. Халиуллин, ветеринария басқармасының басшысы А.С. Бралиев және ЭТТД басшысының орынбасары А.Б. Ахметов қатысты. Іс-шара барысында Департаменттің Превенция және талдау әзірлемелері басқармасының АМІЖ жедел уәкілі А. Салимов негізгі баяндама жасап, мемлекеттік қолдау қаражаттарын бөлу және игеру саласындағы ағымдағы ахуалға тоқталды. Баяндамашы бюджеттік қаражатты пайдалану кезінде туындайтын негізгі тәуекелдер мен заң бұзушылық схемаларын егжей-тегжейлі талдап, қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекетке келетін шығынды барынша азайту бойынша бірқатар пәрменді шараларды ұсынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар агроөнеркәсіптік кешен мен ветеринария саласындағы бөлінетін қаражаттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады. Басқосу қорытындысы бойынша атқарушы және құқық қорғау органдарының облыс аумағындағы экономикалық қылмыстарды ерте анықтау, олардың жолын кесу және алдын алу бағытындағы бірлескен іс-қимыл жоспары айқындалып, нақты ұсынымдар әзірленді.

    28 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Үйлестіру кеңесінің отырысы

    ORAL : Үйлестіру кеңесінің отырысы Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы А.Әбенов облыстық прокуратура алаңында өткен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Отырыс барысында құқық қорғау және атқарушы органдардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысының тиімділігі, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Тыйым салынған заттардың таралу арналарының жолын кесу, құқық бұзушылықтарды анықтау және профилактикалық жұмыстың нәтижелілігін арттыруға ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өңірдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі.

    25 мамыр 2026 ж.Тікелей
    Пресс-релизАяқталды

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Орал қаласында заңсыз микроқаржылық қызмет бойынша іске қатысты үкім шығарылды

    БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ Орал қаласында заңсыз микроқаржылық қызмет бойынша іске қатысты үкім шығарылды Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық сотымен «Аванс 07» ЖШС-нің басшысына қатысты тиісті лицензиясыз заңсыз микрокаржылық қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша үкім шығарылды. Тергеуді Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА-нің департаменті жүргізді. Сот қарауы барысында 2021–2025 жылдар аралығында азаматтарға ақша беру қызметі «Uralsk zoloto» комиссиондық дүкені атын жамылып жүргізілгені анықталды. Заңсыз қызметті жасыру мақсатында комиссия және зергерлік бұйымдарды сақтау шарттары рәсімделген, алайда іс жүзінде азаматтарға уәкілетті органның лицензиясынсыз пайызбен қарыз берілген. Заңсыз жолмен алынған табыс көлемі 155 млн теңгеден асты. Тергеу барысында Департамент қызметкерлерімен 2000-нан астам келісімшарт, электрондық тасымалдағыштар, құжаттар және ақша қаражаттары тәркіленді. Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК-нің 214-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 479 600 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енді. БҚО бойынша ЭТТД

    22 мамыр 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.