
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2025 жылғы 13 наурыздағы №КГИП-02-КГ/296-И хатына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ 2026 жылғы 05 маусымнан бастап 2026 жылғы 25 маусымға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда.