
2026 жылғы 28 мамырда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Т.М. Мұратовтың аудан тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу барысында ауданның денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері талқыланбақ.
Өтетін орны: «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, үлкен зал
Уақыты: 12:00
Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өтеді.
Азаматтарды қабылдау орны: «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, кіші зал
Уақыты: 12:30
БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг (ӨКҚ)
Өтетін орны: Семей қаласы, Абай көшесі, 97
Аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдерін қатысуға шақырамыз!