
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 5 маусымда Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келеді.
Сапар аясында сағат 09:45-те министр Байзақ ауданы тұрғындарымен кездеседі. Кездесу Байзақ ауданы, Мырзатай ауылы, Сеңкібай көшесі, 21А мекенжайында өтеді.
Сағат 11:15-те осы мекенжайда азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылады.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша сағат 15:30-да бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтеді. Баспасөз өкілдеріне арналған кездесу Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы «Баспасөз үйінде» (Ы. Сүлейменов көшесі, №5) ұйымдастырылады.