
2026 жылғы 28 мамырда "Қашар қалалық ауруханасы" КМК-да мекеме қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын талқылау бойынша жиналыс өткізілді. Кездесу барысында Қашар кенті әкімінің орынбасары А. Т. Қойшынов сөз сөйлеп, Конституция жобасында ұсынылатын негізгі өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндады. Жиналыс қатысушыларына азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндірілді.