
2026 жылғы 30 мамырда Астана қаласында әлемнің 17 елінен: Қазақстан, Сингапур, Эфиопия, Сейшел аралдары, Пәкістан, Ауғанстан, Қытай, Ресей, Беларусь, Үндістан, Филиппин, Әзірбайжан, Непал, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Нигериядан спортшыларды біріктірген Karate Kyokushin Ryu бойынша II Дүниежүзілік турнир өтті.
Турнирге біздің қашар спортшылары: Алпыспай Малика, Одиладзе Софья, Багаудинова Лилия, Дремлюженко Роман, Феденко Максим және Берестюк Глеб қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды: Одиладзе Софья-2 орын; Алпыспай Малика-3 орын.
Спортшылар мен олардың жаттықтырушысын халықаралық турнирде лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз! Одан әрі табыстар, жаңа жетістіктер, өз қабілеттеріне сенімділік және спорт аренасында жарқын жеңістер тілейміз.