
Туристік маусымның басталуына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Түркия аумағына келетін туристер санының арту ықтималдығына орай Түркияға баруды жоспарлаған азаматтарға келесі мәселелерге назар аудару ұсынылады:
- Шетелге шығар алдында визалық талаптармен мұқият танысуды(Ыстанбұл қаласы арқылы транзитпен ұшатын жолаушылар үшін);
- Медициналық сақтандыру полисін алдын ала рәсімдеуді;
- Әуе рейстерінің кестесі мен транзиттік талаптарды алдын ала нақтылап алуды;
- Кедендік және көші-қон талаптарын қатаң сақтауды
(ҚРазаматтары Түркия аумағында 180 күн ішінде 90 күнннен аспайтын мерзімдевизасыз бола алады);
- Әуежайда бейтаныс адамдардың заттары мен багажыналмауды;
- Жергілікті заңнама мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауды;
- Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және оларды рұқсатсыз фото, видеоға түсірмеуді;
- Әрдайым өзімен бірге паспорттың түпнұсқасын алып жүруді;
- Ресми тіркелген туристік компаниялардың қызметін пайдалануды және тиісті келісім шартқа отыруды;
- Қауіпсіздік шараларын сақтап, адамдар көп жиналатын орындарда қырағылық танытуды;
- Жеке құжаттар мен ақшалай қаражаттың сақталуына ерекше назар аударуды;
- Электронды SIM-карталарды (eSIM) немесе байланыс қызметтерін тек ресми операторлар арқылы рәсімдеуді және ұялы телефонды жоғалтқан жағдайдаSIM-картаны жабуды;
- Багаж жоғалған жағдайда әуекомпания өкілдеріне және әуежайдың Lost & Found қызметіне жүгінуді;
- Ақша айырбастауды тек ресми банктерде және лицензияланған айырбастау пункттерінде жүзеге асыруды, көшеде немесе бейресми орындарда валюта айырбастамау және өзімен бірге ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны алып жүрмеуді;
- Бейтаныс адамдар ұсынған «тиімді ұсыныстарды», күмәнді онлайн-платформалардыжәне күмәнді қаржылық операцияларды қабылдамауды;
- Қоғамдық орындарда агрессивті немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуді;
- Өзінің орналасқан жері туралы жақындарына және туыстарына тұрақты түрде хабарлап отыруды;
- Теңізде шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудыжәне ұзақ уақыт ашық күн астында болудан сақтануды;
- Автокөліктерді жалға алу қызметтерін тек ресми және лицензияланған компаниялар арқылы пайдалану, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде аса мұқият болуды;
- Түркияға кіру және шығу кезінде ақшалай қаражатты, бағалы заттарды және тауарларды декларациялау талаптарын сақтауды, сондай-ақКонтрабанда боп есептелетін тауарларды белгіленген мөлшерден тыс көлемде тасымалдауға тыйым салынатынын ескеруді(темекі, электрондық темекі, ұялы телефон және т.б.).
- Арнайы жұмыс визасы болмаған жағдайдаеңбек қызметімен айналысу заңсыз болып табылатындығына назар аударамыз.
Осы ретте азаматтарға әуежайға алдын ала келуге, рейстердің жағдайын тұрақты түрде бақылап отыруға, рейске онлайн тіркеуден өтуге және сапарды жоспарлау кезінде ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады
Сонымен қатар, Түркияға жоғары білім алуға немесе емделуге баратын азаматтарға алдын-ала келісім шартпен мұқият танысу ұсынылады. Қазақстан азаматтарының шетелде білім алу немесе емделу үдерістеріне араласу ҚР дипломатиялық өкілдіктерінің құзыретіне жатпайтынын атап өтеміз.