Түркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына

    Орган
    mfa-istanbul
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Түркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына
    ОбъявлениеАяқталды

    Түркия Республикасында білім алатын қазақстандық студенттердің назарына:

    • Түркия Республикасының аумағында заңды түрде болуға және білім алуға құқық беретінықтиярхатты(кимлик) уақтылы рәсімдеу және ұзарту қажеттігіне назар аударамыз;
    • Арнайы жұмыс визасы болмаған жағдайдаеңбек қызметімен айналысу заңсыз екеніненазар аударамыз (студенттік кимлик жұмыс істеу құқығын бермейді).
    • Әуежайда бейтаныс адамдардың заттары мен багажыналуға болмайтынынаназар аударамыз;
    • Жергілікті заңнама мен қоғамдық тәртіп ережелерін қатаң сақтауқажеттігіне назар аударамыз;
    • Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және оларды рұқсатсыз фото, видеоға түсіруге болмайтынынаназар аударамыз;
    • Әрдайым өзімен бірге ықтиярхатты(кимлик)алып жүруқажеттігіне назар аударамыз;
    • Медициналық сақтандыру полисінуақтылырәсімдеуқажет екендігіненазар аударамыз;
    • Жеке құжаттар мен ақшалай қаражаттың сақталуына ерекше назар аудару;
    • Тұрғын үйді жалға алу шарттарын жасау кезінде ерекше мұқият болуды, оның ішінде келісімшарт талаптарын, жалдау мерзімдерін және жалға берушінің ресми тіркелуін тексеру қажеттігіне назар аударамыз;
    • Қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде, әсіресе үшінші тұлғаларға ақша аудару және бейресми қаржылық қызметтерді пайдалану барысында сақтық шараларын таныту қажет екендігіне назар аударамыз;
    • Жеке басын куәландыратын құжаттарды, банк карталарын және электрондық мемлекеттік сервистерге қолжетімділік деректерін үшінші тұлғаларға беруге болмайтынына назар аударамыз;
    • Контрабанда болып есептелетін тауарларды белгіленген мөлшерден тыс көлемде тасымалдауға тыйым салынатынына назар аударамыз(темекі, электрондық темекі, ұялы телефон, жаңа тауарлар және т.б.);
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес пайдалану қажеттігіне назар аударамыз.

    Ұқсас материалдар

    ОбъявлениеАяқталды

    Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

    Туристік маусымның басталуына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты Түркия аумағына келетін туристер санының арту ықтималдығына орай Түркияға баруды жоспарлаған азаматтарға келесі мәселелерге назар аудару ұсынылады: Шетелге шығар алдында визалық талаптармен мұқият танысуды (Ыстанбұл қаласы арқылы транзитпен ұшатын жолаушылар үшін) ; Медициналық сақтандыру полисін алдын ала рәсімдеу ді ; Әуе рейстерінің кестесі мен транзиттік талаптарды алдын ала нақтылап алу ды ; К едендік және көші-қон талаптарын қатаң сақтау ды ( Қ Р азаматтары Түркия аумағында 180 күн ішінде 90 күн ннен аспайтын мерзімде визасыз бола алады ) ; Әуежайда б ейтаныс адамдардың заттары мен багажын алмауды ; Жергілікті заңнама мен қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауды; Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау ды және оларды рұқсатсыз фото, видеоға түсірмеуді ; Әрдайым өзімен бірге паспорттың түпнұсқасын алып жүруді; Ресми тіркелген туристік компаниялардың қызметін пайдалануды және тиісті келісім шартқа отыруды; Қауіпсіздік шараларын сақтап, адамдар көп жиналатын орындарда қырағылық таныту ды ; Жеке құжаттар мен ақшалай қаражаттың сақталуына ерекше назар аудару ды ; Электронды SIM-карталарды (eSIM) немесе байланыс қызметтерін тек ресми операторлар арқылы рәсімдеу ді және ұялы телефонды жоғалтқан жағдайда SIM-карта ны жабуды ; Багаж жоғалған жағдайда әуекомпания өкілдеріне және әуежайдың Lost & Found қызметіне жүгіну ді ; Ақша айырбастауды тек ресми банктерде және лицензияланған айырбастау пункттерінде жүзеге асыру ды , көшеде немесе бейресми орындарда валюта айырбастамау және өзімен бірге ірі көлемдегі қолма-қол ақшаны алып жүрмеу ді ; Бейтаныс адамдар ұсынған «тиімді ұсыныстар ды », күмәнді онлайн-платформалар ды және күмәнді қаржылық операциялар ды қабылдамауды ; Қоғамдық орындарда агрессивті немесе қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу ді; Өзінің орналасқан жері туралы жақындарына және туыстарына тұрақты түрде хабарлап отыру ды ; Теңізде шомылу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау ды және ұзақ уақыт ашық күн астында болудан сақтану ды ; Автокөліктерді жалға алу қызметтерін тек ресми және лицензияланған компаниялар арқылы пайдалану, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде аса мұқият болуды ; Түркияға кіру және шығу кезінде ақшалай қаражатты, бағалы заттарды және тауарларды декларациялау талаптарын сақтауды, сондай-ақ Контрабанда боп есептелетін тауарларды белгіленген мөлшерден тыс көлемде тасымалдауға тыйым салынатынын ескеруді (темекі, электрондық темекі, ұялы телефон және т.б.). Арнайы жұмыс визасы болмаған жағдайда еңбек қызметімен айналы су заңсыз болып табылатындығына назар аударамыз. Осы ретте азаматтарға әуежайға алдын ала келуге, рейстердің жағдайын тұрақты түрде бақылап отыруға, рейске онлайн тіркеуден өтуге және сапарды жоспарлау кезінде ықтимал өзгерістерді ескеру ұсынылады Сонымен қатар, Түркияға жоғары білім алуға немесе емделуге баратын азаматтарға алдын-ала келісім шартпен мұқият танысу ұсынылады. Қазақстан азаматтарының шетелде білім алу немесе емделу үдерістеріне араласу ҚР дипломатиялық өкілдіктерінің құзыретіне жатпайтынын атап өтеміз.

    29 мамыр 2026 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.