2026 жылғы 12 маусымда Астана қаласында Astana Mining & Metallurgy халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында VII Көмір өнеркәсібі форумы өтеді.
Форумды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы ұйымдастырады. Іс-шараның тең ұйымдастырушылары – «Қазкөміркәсіподақ» көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және «QAZAQMETAL KÁSIPODAǴY» тау-кен металлургия саласының кәсіптік одағы.
Көмір өнеркәсібі форумы дәстүрлі түрде көмір саласын дамыту, оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі, сондай-ақ бизнес, мемлекеттік органдар, кәсіби бірлестіктер мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен бірлескен ұсыныстар әзірлеу мәселелерін талқылайтын маңызды салалық алаңдардың бірі болып табылады.
Көмір өнеркәсібі Қазақстан экономикасында жүйе құраушы маңызын сақтап отыр. Салада 32 мыңнан астам адам еңбек етеді, ол елдің тұрақты энергиямен қамтылуында шешуші рөл атқарады және республиканың өнеркәсіптік әлеуетінің негізгі тіректерінің бірі болып саналады. Қазақстан көмір өндіру көлемі мен геологиялық қоры бойынша әлемдегі жетекші он елдің қатарына кіреді.
Биыл форум «Қазақстанның көмір өнеркәсібі: энергетикалық қауіпсіздіктің стратегиялық негізі» тақырыбында өтеді.
Форум қатысушылары энергетиканың отын тұрақтылығын қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы мен көмір жеткізу логистикасын дамыту, көмір нарығын реттеуді жетілдіру, экспорт бағыттарын кеңейту, инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ көмірді терең өңдеу мен көмір химиясын дамыту перспективаларын талқылайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмасы бойынша қабылданған Қазақстандағы көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Форум жұмысына саланың жетекші кәсіпорындарының өкілдері қатысады. Олардың қатарында «Богатырь Көмір» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, QARMET АҚ, «Шұбаркөл Премиум» АҚ, «Қаражыра» АҚ, «ЕЭК» АҚ, «Майкүбі-Вест» АҚ, «Kazakhmys Coal» ЖШС және басқа да компаниялар бар.
Форум аясында өндіріс озаттарын салалық наградалармен марапаттау рәсімі де өтеді.
Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы көмір өндіруші кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, салалық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін VII Көмір өнеркәсібі форумына қатысуға шақырады.
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 12 маусым
🕘 Басталу уақыты: 10:00
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Гейдар Әлиев көшесі, 14-үй, Hilton Astana қонақ үйі, Astana Hall залы
📌 Форумға қатысу тегін
Тіркелу және аккредиттеу бойынша байланыс деректері
Делегаттарды тіркеу:
Тел.: +7 (7172) 68-96-20
E-mail: [email protected]
Тіркелу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/1c94sICdc5Fs0GNtoNchJXGaN9CcCV8w2b1EBDVcOHWg/edit
БАҚ өкілдерін аккредиттеу:
Тел.: +7 (701) 027-89-74
E-mail: [email protected]