2021 жылдың 24 қыркүйегінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді.
Күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылады деп жоспарланып отыр. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Ұлттық жобалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасайды.