Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

    Агенттік туралы

    Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі орталығы. Агенттік стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистика салаларына және реформалар жүргізуге жетекшілік етеді.

    Агенттіктің мақсаты – мемлекеттің бәсекеге қабілеттігін арттыруға және халықтың әл -ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді реформаларды дайындау.

    Агенттік стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты даярлайды, дамудың стратегиялық жоспарларының жүзеге асуын бағалап, мониторинг жүргізеді, мемлекеттік басқарудағы жаңа жүйені әзірлеуге жауапты негізгі орталық қызметін атқарады.

    Құрамындағы Ұлттық статистика бюросы арқылы Агенттік статистика саласындағы мемлекеттік басқаруды қалыптастыру және жүзеге асыру функцияларына ие.

    Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    2021 жылдың 24 қыркүйегінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді

    2021 жылдың 24 қыркүйегінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді. Күн тәртібінде төрт мәселе қарастырылады деп жоспарланып отыр. Олар: ұлттық жобалар, тиімді тауар өткізу жүйесін қалыптастыру, экспортты ілгерілету жөніндегі жүйелі шаралар және аумақтық даму жоспарының жобасы. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Ұлттық жобалар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасайды.

    ОтырысАяқталды

    2021 жылдың 17 қыркүйегінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

    2021 жылдың 17 қыркүйегінде ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібі: 1. СЖРА Ұлттық Талдау орталығының қызметі. Баяндамашы – Кайрбеков У.К. СЖРА ҰТО директоры Мемлекеттік статистика саласындағы заңдылықты жетілдіруге қатысты іс-шаралар туралы. Баяндамашы – СЖРА Ұлттық Статистика Бюросының Төрағасы Н.Айдапкелов. 3. Қазақстан Республикасының төменкөмірсутекті дамуы Доктринасы туралы. «Жасыл Академия» ғылыми білім орталығының директоры Б.Есекина

    ОтырысАяқталды

    2021 жылдың 1 шілдесінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді

    Жиынға үш мәселе шығарылады: ұлттық жобаларды қарастыру мен талқылау, Президент кеңесшісі С. Чакрабартидің ұсыныстары негізінде әзірленген Gap analysis жүзеге асыратын Жол картасы, жергілікті басқаруды дамыту Концепциясы. СЖРА Төрағасы Қ.Келімбетов Агенттік пен Үкіметтің дайындаған он ұлттық жобасын және 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспары мен жалпыхалықтық басымдықтар туралы баяндайды.

    ОтырысАяқталды

    2021 жылдың 28 мамырында ҚРСтратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтеді

    2021 жылдың 28 мамырында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Қоғамдық Кеңесінің алғашқы отырысы өтеді. Күн тәртібі: СЖРА Қоғамдық Кеңесі Төрағасын сайлау. СЖРА Қоғамдық Кеңесі хатшысын сайлау. СЖРА Қоғамдық Кеңесі Ережесін бекіту. СЖРА Қоғамдық Кеңесі 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту. СЖРА жұмысындағы негізгі басым бағыттар туралы. Халық санағына қатысты нормативтік құқықтық актілерді дайындау туралы.

    ОтырысАяқталды

    2021 жылдың 21 сәуірінде ҚР Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңестің отырысы өтеді

    Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылады. Ұлттық жобаларды әзірлеу жұмыстары жайында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов баяндама жасайды. «Цифрлық Қазақстан» ұлттық жобасының трансформациясы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтады. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2026 жылға дейінгі ұлттық жоспары туралы айтады. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев «жаңадан» реттеу тетіктерінің енгізіліп жатқаны жөнінде баяндама жасайды. Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов құқық қорғау және сот жүйесін реформалау жайындағы ұсыныстарын баяндайды.

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудың қандай негізгі қағидаттары бар?

    Жауап

    1) мәнінің пішіннен басымдығы — нақты және өлшенетін нәтижесінің оған қол жеткізу бойынша жұмыс пішінінен басымдығы; 2) әдепкі бойынша цифрландыру — мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және өзара цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимылының басымдығы; 3) басқарушылық жауапкершілік — нақты басшының құзыреті аясына кіретін мәселелерді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге және келісуге жол бермеу; 4) үздіксіз жетілдіру — бюрократияны қысқартуды, жүйелік реинжинирингті және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруды ынталандыратын мемлекеттік аппараттың ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау; 5) регламенттеудің оңтайлылығы — мемлекеттік органдардың қызметін регламенттеудің оңтайлы қажетті деңгейін белгілеу, жеткіліксіз негізделген жаңа бюрократиялық талаптарды, есептілік пен бақылау түрлерін енгізуге жол бермеу.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесі деген не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі – бұл ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) және орта мерзімді (бір жылдан қоса алғанда 5 жылға дейін) кезеңдерге арналған құжаттардан, қатысушылардан, процестер мен деректерді басқару қағидаттары мен элементтерінен тұратын өзара байланысқан құрамдастар кешені.

    Сұрақ

    Тұжырымдамаларды, ұлттық жобаларды, доктриналарды (стратегияларды), мемлекеттік бағдарламаларды, кешенді жоспарларды, жол карталарын әзірлеу, іске асыру, түзету және мониторингтеу тәртібіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 260 бұйрығымен бекітілген) кешенді жоспар әзірлеу көзделеді. Кешенді жоспар қандай құрылымдық элементтерді қамтиды? Оны әзірлеу қандай құжаттар және шешімдер негізінде жүзеге асырылады?

    Жауап

    Кешенді жоспар Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша дамудың маңызды салалық мәселелерін жедел шешу үшін 5 жылдан аспайтын мерзімге әзірленеді. Кешенді жоспардың құрылымына мыналар кіреді: паспорт, күтілетін нәтижелер, іс-шаралар (нақты іс-қимылдар), іс-шараларды аяқтау нысаны, іс-шараларды орындау мерзімдері, жауапты орындаушылар, қаржыландыру көлемі, қаржыландыру көздері.

    Сұрақ

    Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 Жарлығының негізгі мақсаты қандай?

    Жауап

    Жарлықтың мақсаты — мемлекеттің бизнеске қатысуын азайту, жеке секторды дамыту, реттеуді жеңілдету және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту есебінен неғұрлым бәсекеге қабілетті және ашық экономиканы қалыптастыру.

    Сұрақ

    Сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру үшін не қажет?

    Жауап

    Сервистік және адамға бағдарланған мемлекеттік басқару моделін қалыптастыру үшін келесі міндеттерді іске асыру қажет: - клиентке бағдарланған және ашық мемлекеттік аппаратты қалыптастыру; - стратегиялық және бюджеттік жоспарлау тәсілдерін, сондай-ақ реформаларды жүргізу тетіктерін жетілдіру; - оңтайлы әрі тиімді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру; - азаматтардың қажеттіліктеріне негізделген проактивті мемлекеттік қызметтерге көшу; - адами ресурстардың сапасын арттыру және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін күшейту; - тиімді, оңтайлы және ашық квазимемлекеттік секторды қалыптастыру; - жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіру; - бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау; - сервистік мемлекет моделін қалыптастыру мақсатында сот жүйесін, мемлекеттік басқаруды және құқық қорғау жүйесін трансформациялау.

    Сұрақ

    Мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылының «бірыңғай терезесі» дегеніміз не және ол не үшін құрылады?

    Жауап

    Халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасында азаматтардың өтініштерін қабылдайтын бірыңғай орталық, яғни «бірыңғай кіру нүктесі» құрылатын болады. Осы жүйе арқылы азаматтар әртүрлі мемлекеттік органдарға өтініштер жолдау мүмкіндігіне ие болып, өз мәселелерін ыңғайлы әрі жедел шешуге қол жеткізеді. «Бірыңғай терезенің» негізгі мақсаты – мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру және азаматтардың өтініштерін қарау тиімділігін қамтамасыз ету.

    Решение

    Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы

    Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс нәтижесі Конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы шешіміне сәйкес: № Лауазымы Кандидаттыңтегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлауреформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, «А» функционалдық блогы) Әуелханова Айнұр Сатышқызы 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету мемлекеттік тіл басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «Б») Корганбекова Асемгуль Сеилхановна 3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілерді сараптау және мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, «А» функционалдық блогы) кандидаттар жоқ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің конкурстық комиссиясы отырысының 2026 жылғы 16 маусымдағы № 91-2 хаттамасынан үзінді

    Решение

    Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы

    Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс нәтижесі Конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 15 маусымдағы шешіміне сәйкес: № Лауазымы Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 1. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Демографиялық есептеулер басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УРД-4 жеңімпаз анықталған жоқ 2. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Ішкі сауда статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСВТ-3 Жанат Адилбековна Бурибекова 3. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Халықты зерттеу және әлеуметтік статистика басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 25 желтоқсанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы) УОНИСС-3 Жанар Ертаевна Умарбекова 4. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Энергетика статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСЭ-3 Аяжан Мұратқызы Мұратова 5. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Энергетика статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСЭ-4 жеңімпаз анықталған жоқ 6. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Халықты зерттеу және әлеуметтік статистика басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 10 қазанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы) УОНИСС-5 кандидаттар жоқ 7. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Демографиялық статистика және халық санағы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін) УДСИПН-5 кандидаттар жоқ Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің конкурстық комиссиясы отырысының 2026 жылғы 15 маусымдағы № 8 4 -2 хаттамасынан үзінді _____________________________________________________________________________

    Решение

    Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы

    Конкурстық комиссия шешімінің қорытындысы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурс нәтижесі Конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 15 маусымдағы шешіміне сәйкес: № Лауазымы Кандидаттыңтегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) 1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті дерекқорлардың сапасын бақылау басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 14 желтоқсанға дейін) Конкурс жеңімпазы анықталмады 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, функционалдық блогы «А») Төлеубеков Айбек Ғарифоллаұлы 3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Аграрлық сектор статистикасы департаменті аграрлық сектор статистикасы басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 19 қаңтарға дейін) Қауаз Әліби Жанғазыұлы 4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Аграрлық сектор статистикасы департаменті аграрлық сектор статистикасы басқармасының бас сарапшысы (C-4 санаты, функционалдық блогы «А») Каримова Динара Жагупаровна Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің конкурстық комиссиясы отырысының 2026 жылғы 15 маусымдағы № 85-2 хаттамасынан үзінді ____________________________________________________________________

    График

    Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

    № Лауазым Кандидаттың ТАӘ Әңгімелесу өтетін орны, күні, уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 1. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Демографиялық есептеулер басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УРД-4 Қауаз Әліби Жанғазұлы 15.06.2026 11:00 онлайн режимінде 2. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Ішкі сауда статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСВТ-3 Бурибекова Жанат Адилбековна 15.06.2026 11:00 онлайн режимінде Токбаева Гульшат Кайролловна Қауаз Әліби Жанғазұлы Қожақов Төремұрат Асетуллаұлы 3. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Халықты зерттеу және әлеуметтік статистика басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 25 желтоқсанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы) УОНИСС-3 Умарбекова Жанар Ертаевна 15.06.2026 11:00 онлайн режимінде 4. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Энергетика статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСЭ-3 Мұратова Аяжан Мұратқызы 15.06.2026 11:00 онлайн режимінде Қожақов Төремұрат Асетуллаұлы Қауаз Әліби Жанғазұлы 5. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Энергетика статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСЭ-4 Қауаз Әліби Жанғазұлы 15.06.2026 11:00 онлайн режимінде 6. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Халықты зерттеу және әлеуметтік статистика басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 10 қазанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы) УОНИСС-5 кандидаттар жоқ кандидаттар жоқ 7. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Демографиялық статистика және халық санағы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін) УДСИПН-5 кандидаттар жоқ кандидаттар жоқ

    Решение

    Қатысушылардың әңгімелесуге жіберу туралы ШЕШІМ

    № Лауазым Кандидаттың ТАӘ Шешім (жіберілді/жіберілген жоқ) Жіберілмеу себебі 1. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Демографиялық есептеулер басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УРД-4 Қауаз Әліби Жанғазұлы жіберілді 2. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Ішкі сауда статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСВТ-3 Бурибекова Жанат Адилбековна жіберілді Токбаева Гульшат Кайролловна жіберілді Қауаз Әліби Жанғазұлы жіберілді Қожақов Төремұрат Асетуллаұлы жіберілді 3. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Халықты зерттеу және әлеуметтік статистика басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 25 желтоқсанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы) УОНИСС-3 Умарбекова Жанар Ертаевна 4. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Энергетика статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСЭ-3 Мұратова Аяжан Мұратқызы Қожақов Төремұрат Асетуллаұлы Қауаз Әліби Жанғазұлы 5. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Қызмет көрсету және энергетика статистикасы департаменті Энергетика статистикасы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А») УСЭ-4 Қауаз Әліби Жанғазұлы 6. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Халықты зерттеу және әлеуметтік статистика басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2026 жылғы 10 қазанға дейін, сондай-ақ негізгі қызметкер осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқылы) УОНИСС-5 кандидаттар жоқ кандидаттар жоқ 7. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы Халық статистикасы департаменті Демографиялық статистика және халық санағы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, функционалдық блогы «А», уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін) УДСИПН-5 кандидаттар жоқ кандидаттар жоқ

    График

    Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ

    Әңгімелесу өткізу КЕСТЕСІ № Лауазым Кандидаттың ТАӘ Әңгімелесу өтетін орны, күні, уақыты Эссе өтетін орны, күні және уақыты 1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті дерекқорлардың сапасын бақылау басқармасының бас сарапшысы 4 (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 14 желтоқсанға дейін) Сергазина Асемгуль Ермаганбетовна 15.06.2026 15:00 онлайн режимде 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасының бас сарапшысы Қауаз Әліби Жанғазыұлы 15.06.2026 15:00 онлайн режимде Сергазина Асемгуль Ермаганбетовна 15.06.2026 15:00 онлайн режимде Төлеубеков Айбек Ғарифоллаұлы 15.06.2026 15:00 онлайн режимде 3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Аграрлық сектор статистикасы департаменті аграрлық сектор статистикасы басқармасының бас сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2028 жылғы 19 қаңтарға дейін) Қауаз Әліби Жанғазыұлы 15.06.2026 15:00 онлайн режимде 4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Аграрлық сектор статистикасы департаменті аграрлық сектор статистикасы басқармасының бас сарапшысы Қауаз Әліби Жанғазыұлы 15.06.2026 15:00 онлайн режимде Каримова Динара Жагупаровна 15.06.2026 15:00 онлайн режимде

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.