
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі 2021 жылғы 14 маусымда сағат 11.00-де өтеді.
Модератор: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абақанов Елдос Нұрболұлы.
Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларда, мамандандырылған интернет-порталдар мен БАҚ-та тікелей эфирде көрсетілетін болады.
Zoom сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/9043681468
Конференция идентификаторы: 904 368 1468, кіру коды: 2131
Осыған орай, келесі байланыс арналарын қолдана отырып, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жібере аласыздар:
- Министрлік сайтындағы Министрдің форумы;
- «Ашық диалог» порталындағы Министрдің блогы;
- WhatsApp нөміріне – 8 708 132 78 66;
- электрондық мекенжайға: [email protected].
Азаматтарды белсенді қатысуға сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар министріне жеке сұрақ қоюға шақырамыз.