Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

    Министрлік туралы

    Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, "жасыл экономиканы" дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту салаларында (бұдан әрі – реттелетін салалар) мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, басқару процестерін үйлестіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Министрліктің келесі ведомстволары бар:

    1) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті;

    2) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    2025 жылғы 18 шілдеде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

    18 шілде 2025 ж.Тікелей
    📍 Место проведения: г. Петропавловск, «Библиотека имени С. Муканова», улица Конституции Казахстана, 25.ҚР ЭТРМ
    ОтырысАяқталды

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің азаматтық сектор және ҮЕҰ өкілдерімен кездесуі

    Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстарын басқарудың өзекті мәселелерін талқылау үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиевтің азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен салалық кездесуі өтетінін хабарлайды. Кездесу 2021 жыл ғы 14 шілде де сағат 15-00-де «ZOOM» конференция режимінде өтеді. Қатысушылардан аккредиттеуге өтінімдер (аты- жөні байланыс деректері, ұялы телефон нөмірі (WhatsApp), ұйымның атауы және лауазымы) келесі телефондар бойынша қабылданады: 8 701-847-2853; 8 (7172) 75-09-84 ([email protected]). Аккредиттеуді аяқтау мерзімі - 2021 жылғы 13 шілде сағат 13:30.

    9 шілде 2021 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

    Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.Мырзағалиевтің халық алдындағы есептік кездесуі 2021 жылғы 14 маусымда сағат 11.00-де өтеді. Модератор: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абақанов Елдос Нұрболұлы. Есептік кездесу онлайн форматта өтеді, трансляция Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларда, мамандандырылған интернет-порталдар мен БАҚ-та тікелей эфирде көрсетілетін болады. Zoom сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/9043681468 Конференция идентификаторы: 904 368 1468, кіру коды: 2131 Осыған орай, келесі байланыс арналарын қолдана отырып, сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жібере аласыздар: - Министрлік сайтындағы Министрдің форумы; - «Ашық диалог» порталындағы Министрдің блогы; - WhatsApp нөміріне – 8 708 132 78 66 ; - электрондық мекенжайға: [email protected] . Азаматтарды белсенді қатысуға сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар министріне жеке сұрақ қоюға шақырамыз.

    15 мамыр 2021 ж.Тікелей
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.