
Күні: 14.09.2021
Басталуы: 11:00:00
Күнге дейін: 15.09.2021
Ұзақтығы: 60 минут
Ақпарат:
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Қала күні – 2021» мерекесі аясында өткізілетін Облыстық ІІІ «ЖАЙЫҚТЫҢ БИ ӘЛЕМІ» АТТЫ БИ ФЕСТИВАЛІН тамашалауға шақырамыз! Фестивальге облысымыздың үздік би ұжымдары өнер көрсететін болады. Фестивальдің мақсаты: жас ұрпақты би өнері арқылы эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу, әр өңірдің би ансамбльдерін таныстыру, ансамбльдер мен жетекшілер арасындағы тәжірибе алмасу, кәсіби ансамбльдердің мәдени шығармашылық байланыстарын дамыту. Өтетін орны: Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры. Би – қимыл, би – қозғалыс, би – өнер... Би – ішкі сезіміңді сыртқа шығаратын мүмкіндік. Олай болса, би мен биші үйлесім тапқан фестивальден кеш қалмаңыздар!