
Күні: 21.03.2021
Басталуы: 00:00:00
Ұзақтығы: 45 минут
Ақпарат:
Жастар шығармашылығы орталығы қалыптасқан дәстүр бойынша Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерттік бағдарламаны қала тұрғындары мен өнер сүйер қауымға ұсынады.
Шара туралы қысқаша дерек:
Концерттік бағдарлама бүкілхалықтық мейрамның мән-мағынасын концерттік бағдарлама арқылы көрерменге жеткізу, халықтың мәдени демалысын (қашықтықтан) ұйымдастыру мақсатында оздырылады. Концерттік бағдарламаға Батыс Қазақстан облысы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі, «ARNAU» этно-фольклорлық ансамблі, Жастар музыкалық театры , «Қазіргі заман әні» шығармашылық шеберханасының әртістері және «Әдемі» би ансамблі қатысады.