ҚР Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі.
Мемлекеттiк ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында қазақ тiлiмен ресми түрде орыс тiлi тең қолданылады.
Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын шектеуге жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi.
Мысалы, «Е-Өтініш» жүйесі арқылы М. деген азаматтан қазақ тілінде өтініш келіп түсті. Мемлекеттік орган жауапты мемлекеттік тілде ұсынуы керек.