Құрылысқа рұқсаталу тәртібі?

    kyzylorda-shieli

    kyzylorda-shieli·
    Сұрақ

    Құрылысқа рұқсаталу тәртібі?

    Жауап

    Құрылысты заңды түрде бастау үшін мына 4 негізгі қадамнан өту қажет:

    1-қадам: СЖТ (АПЗ) және Техникалық шарттарды алу Не істеу керек: eGov.kz порталы арқылы «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) және техникалық шарттарды беру» қызметіне тапсырыс бересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі сізге жер телімінде үйді қалай орналастыру керектігін (шекарадан ,жолдан қанша метр қашықтық сақтауды) көрсетеді, ал монополистер су, жарық, газға қосылу шарттарын береді.Мерзімі: 6-дан 15 жұмыс күніне дейін (тегін).

    2-қадам: Эскиздік жобаныәзірлеу және келісу Не істеукерек: Лицензиясы бар сәулетшіге немесе жобалау ұйымына болашақ үйдің жобасын (эскизін) сыздырасыз. Одан кейін дайын эскизді eGov.kz арқылы жергілікті Сәулет бөліміне бекітуге жібересіз.Мақсаты: Сәулет бөлімі үйдің сыртқы келбеті мен биіктігінің қала құрылысы талаптарына сай екенін тексереді.Мерзімі: 10 жұмыс күніне дейін (тегін).

    3-қадам: Жобалық құжаттаманы жасау және сараптама Жеке үйлер үшін (ИЖС): Егер үйіңіз 2 қабаттан аспаса және күрделі инженерлік шешімдерді талап етпесе, мемлекеттік емес сараптамадан өту міндетті емес. Тек лицензиясы бар маман жасаған жұмыс жобасы болса жеткілікті. Коммерциялық және күрделі нысандар үшін: Жоба міндетті түрде аккредиттелген сараптамалық ұйымның оң қорытындысыналуы тиіс.

    4-қадам: ГАСК-ке хабарлама жіберу (Ең маңызды қадам!) Елицензия (elicense.kz) порталы арқылы «Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама» жолдайсыз. Қажетті мәліметтер: Хабарламаға жоғарыдағы СЖТ, келісілген эскиз нөмірлерін және құрылысты жүргізетін мердігердің немесе техникалық/авторлық қадағалаушылардың (технадзор) мәліметтерін енгізесіз.

    Нәтиже: Хабарлама жіберілген сәттен бастап (талон алғансоң) құрылысты заңды түрде бастауға құқығыңыз бар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көше атауына кісі есімін беру тәртібі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Көше атауына кісі есімін беру тәртібі қалай жүргізіледі? Көшеге кісі есімін беру үшін алдымен оның есімін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу бойынша жұмыстар жүргізіледі. «Тарихи тұлғалар» тізімі екі жылда бір рет өзектендіріледі. Тұлғаның есімін өзектендірілетін «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу үшін жергілікті әкімдіктер құжаттардың «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңының 25-5 бабы: «Ономастика жұмысының критерийлеріне» және Әдістемелік ұсынымдарға сәйкестігін ономастикалық жұмысшы тобының отырыстарында қарайды, қолдау тапқан ұсыныстар облыстық ономастика комиссиясының, әрі қарай Республикалық ономастика комиссиясының отырыстарында қаралады. Республикалық ономастика комиссиясы облыстардан түскен ұсыныстарды сараптап, нәтижесімен «Тарихи тұлғалар» тізімін бекітіп, басшылыққа алып жұмыс жасау үшін әкімдіктерге жолдайды. «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізілген тұлғалар бойынша Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасына» сәйкес көшеге атау беру жұмыстарын ұйымдастырады. Қағидаға сәйкес жергілікті қоғамдастық жиыны өткізіледі, ұсыныстар қалалық, аудандық мәслихаттың бірлескен шешімімен облыстық ономастика комиссиясының қарауына жолданады. Облыстық маңызы бар қаланың көшесіне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданады. Ұсыныстарды қарау нәтижесімен облыстық, Республикалық ономастика комиссиялары Қорытынды береді. Берілген қорытынды негізінде кент, ауылдық округ әкімдері шешім шығарады. Аудандық маңызы бар қалалардың көшелеріне шығарылған облыстық ономастика комиссиясының Қорытындысына Республикалық ономастика комиссиясының келісімі алынғаннан кейін, аудандық сессияда қаралып, аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылады. Облыстық маңызы бар қаланың көшелеріне атау беру туралы ұсыныстар Республикалық ономастика комиссиясысының Қорытындысы негізінде облыстық мәслихаттың сессиясында қаралып, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімі шығарылады

    kyzylorda-shieli·
    Сұрақ

    Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай?

    Жауап

    Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай? Ескерткіш орнату қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз тәртібі және мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын ескере отырып, жаңа ескерткіштерді орнатудың нақты алгоритмі белгіленген. Монументтік өнер құрылыстарын (ескерткіштер, стелалар, бюстер) орнату жұмыстары «Тарихи–мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының 11-бабына және Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Монументтік өнер құрылыстарын орнату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне орайластырылады. Осы қаулыға сәйкес жаңа ескерткіштер белгілі тұлғалар мен айтулы оқиғалардың жүз жылдықтарына, одан кейiн әрбір ширек ғасырлық жылдарда орнатылады. Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі идеялық деңгейдегі ұсыныстарын ең алдымен жергілікті әкімдіктер жанында тиянақты қарауы, жергілікті жердің даму жоспарларына сәйкестігі, экономикалық-әлеуметтік тиімділігі, идеологиялық орындылығы, маңыздылығы, мазмұндылығы сараланып, қоғам талқысына түсіп, пікірлер ескерілуі керек. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) құрылыс бойынша жұмысты жоспарға сай жүргізеді. Жоспарды министрлік әзірлейді және жоспарға енгізу үшін ЖАО-лар өз ұсыныстарын қаржыландырумен, жер учаскесін бөлу туралы шешіммен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі жергілікті комиссияның хаттамасымен растауы қажет. Орнатылатын құрылыстардың үздік жобаларын ЖАО-лар республикалық шығармашылық конкурс жариялау арқылы анықтайды. Осы конкурстың нәтижесінде үздік деп танылған кемінде үш жұмыс күнде жобасы монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізу үшін министрлікке жолданады. Комиссия мақұлдаған құрылыстардың жұмыс жобалары ЖАО жоғарыда көрсетілген жоспарға сәйкес мерзімде орнатады. Сонымен қатар жаңа ескерткіштерді орнату кезінде республикалық ономастика комиссиясы бекіткен «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынады. Осы орайда алдағы уақытта жаңа ескерткіштерді орнату жөніндегі жұмыстар жоғарыда көрсетілген жаңа қағидаларға, сондай-ақ Президенттің осы бағыттағы қосымша тапсырмаларына сай жүргізілетінін хабарлай отырып, қолданыстағы тәртіпке сәйкес келмейтін ұсыныстардың қараусыз қалдырылатын болады.

    kyzylorda-shieli·
    Сұрақ

    Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерді қалай алуға болады? Емханаға, фельдшерлік-акушерлік пунктке немесе дәрігерлік амбулаторияға (отбасылық денсаулық орталығына)тіркелу қажет; 2) Пациент әлеуметтік маңызы бар, созылмалы немесе қоғам үшін қауіпті ауру бойынша диспансерлік есепте тұруға тиіс; 3)тегін рецепт алу үшін сіз өзіңіздің учаскелік терапевтіңізге хабарласуыңыз керек.4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-75 «Белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығының 1-қосымшасы дәрілік препараттар тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.

    kyzylorda-shieli·
    Сұрақ

    Егер пациенттің сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек?

    Жауап

    Егер пациенттің сақтандыру мәртебесі болмаса, не істеу керек? 1. Қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, берешектің мәртебесі мен кезеңдерін тексеріңіз 2. Егер қарыз болса, онда оны төлеу немесе жою қажет, бірақ алдыңғы 12 айдан аспауы керек (осы жылдың ағымдағы айынан өткен жылдың ағымдағы айына дейін). Сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі Егер адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған, тәуелсіз төлеуші болса, онда қарызды тәуелсіз төлеуші ретінде төлеуге болады Егер дара кәсіпкерде (ЖК), шаруа қожалығының иелерінде (ШҚ), жеке практикамен айналысатын адамдарда, қызметкерде немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (МЖӘ) бойынша жұмыс істейтін адамда берешек анықталса, онда жіберілген төлемдердің мәртебесін тексеру қажет, қайтарулар болуы мүмкін, содан кейін берешек пен өсімпұлды төлеу қажет Егер төлемдер басқа кезең үшін қате төленсе немесе төлем құжаттары дұрыс ресімделмесе, онда сіз осы кезеңдердегі ақшаны қайтара аласыз. Ол үшін "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ға өтініш жазу, қатенің себебін көрсету және өтінішке төлемді растайтын құжаттарды қоса беру қажет

    kyzylorda-shieli·
    Сұрақ

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – деген не? Оның халыққа пайдасы барма, жоқпа?

    Жауап

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – деген не? Оның халыққа пайдасы барма, жоқпа? МӘМС жүйесі – бұл Қазақстанда қолданылатын Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Оның негізгі мақсаты — азаматтардың денсаулығын қорғау және әрбір сақтандырылған адамға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерді ұсыну және сақтандырылған тұлғалар медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетін ала алады. Әрине бар, егер сақтандырылған мәртебесі бар болса, медициналық көмектің кез келген түрін тегін ала алады.

    kyzylorda-shieli·
    Сұрақ

    ҚР Заңы бойынша заңсыз құрылыс үшін жауапкершілік қандай?

    Жауап

    МСҚБ (ГАСК) органдары Әкімшілік құқықбұзушылықтуралы кодекстің 319 немесе 321-баптары бойынша айыппұл салады (заңсыз құрылыс жүргізгені үшін). Жеке тұлғаларға 15-тен 120 АЕК-ке дейінгі айыппұл. Заңды тұлғалар үшін 2000 АЕК дейін. Ірі залал кезінде ҚР ҚК 277-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қаралады.

    kyzylorda-shieli·
    Сұрақ

    Электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қалай қорғауға болады?

    Жауап

    ЭЦҚ - бұл сіздің жеке деректеріңізге және мемлекеттік қызметтерге кіруге мүмкіндік беретін маңызды құрал. Оны қауіпсіз сақтау - сіздің жауапкершілігіңіз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін келесі ережелерді сақтаңыз: 1.ЭЦҚ-ны ешқашан ашық түрде электрондық пошта арқылы жібермеңіз. Электрондық пошта бұзылып, сіздің ЭЦҚ ұрлануы мүмкін. 2.ЭЦҚ-ны бөгде немесе бейтаныс компьютерлерге көшірмеңіз. Мұндай құрылғыларда зиянды бағдарламалар болуы ықтимал. 3.ЭЦҚ-ны жеке компьютерде сақтамаңыз. Қолтаңбаны сыртқы тасымалдағышта (мысалы, USB-флешкада) сақтау қауіпсізірек. 4.Күрделі құпиясөз орнатыңыз және оны ешкімге бермеңіз. Құпиясөзіңізді үшінші тұлғаларға жариялау ЭЦҚ-ны заңсыз пайдалануға жол ашады. ЭЦҚ-ны қорғау - жеке деректеріңіздің және электрондық қызметтердегі қауіпсіздігіңіздің кепілі.

    kyzylorda-shieli·
    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субьектілеріне кімдер кіреді және құжаттарды қандай мекеме қабылдайды ?

    Жауап

    Шиелі ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдер қабылдайды. Өтінімдерді қабылдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады. Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады: Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш; Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа қарай Қағидалардың 6-9-тармақтарында көрсетілген құжаттар; Өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхаты (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

    kyzylorda-shieli·
    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.