Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай?
Монументтік өнер құрылыстарын орнатудың тәртібі қандай? Ескерткіш орнату қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз тәртібі және мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын ескере отырып, жаңа ескерткіштерді орнатудың нақты алгоритмі белгіленген. Монументтік өнер құрылыстарын (ескерткіштер, стелалар, бюстер) орнату жұмыстары «Тарихи–мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының 11-бабына және Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №103 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Монументтік өнер құрылыстарын орнату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне орайластырылады. Осы қаулыға сәйкес жаңа ескерткіштер белгілі тұлғалар мен айтулы оқиғалардың жүз жылдықтарына, одан кейiн әрбір ширек ғасырлық жылдарда орнатылады. Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі идеялық деңгейдегі ұсыныстарын ең алдымен жергілікті әкімдіктер жанында тиянақты қарауы, жергілікті жердің даму жоспарларына сәйкестігі, экономикалық-әлеуметтік тиімділігі, идеологиялық орындылығы, маңыздылығы, мазмұндылығы сараланып, қоғам талқысына түсіп, пікірлер ескерілуі керек. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) құрылыс бойынша жұмысты жоспарға сай жүргізеді. Жоспарды министрлік әзірлейді және жоспарға енгізу үшін ЖАО-лар өз ұсыныстарын қаржыландырумен, жер учаскесін бөлу туралы шешіммен тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі жергілікті комиссияның хаттамасымен растауы қажет. Орнатылатын құрылыстардың үздік жобаларын ЖАО-лар республикалық шығармашылық конкурс жариялау арқылы анықтайды. Осы конкурстың нәтижесінде үздік деп танылған кемінде үш жұмыс күнде жобасы монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына енгізу үшін министрлікке жолданады. Комиссия мақұлдаған құрылыстардың жұмыс жобалары ЖАО жоғарыда көрсетілген жоспарға сәйкес мерзімде орнатады. Сонымен қатар жаңа ескерткіштерді орнату кезінде республикалық ономастика комиссиясы бекіткен «Тарихи тұлғалар» тізімі басшылыққа алынады. Осы орайда алдағы уақытта жаңа ескерткіштерді орнату жөніндегі жұмыстар жоғарыда көрсетілген жаңа қағидаларға, сондай-ақ Президенттің осы бағыттағы қосымша тапсырмаларына сай жүргізілетінін хабарлай отырып, қолданыстағы тәртіпке сәйкес келмейтін ұсыныстардың қараусыз қалдырылатын болады.