Баланы тегін үйірмелер мен спорт секцияларына қалай жазуға болады?

    Алматы қаласы білім басқармасы

    Сұрақ

    Баланы тегін үйірмелер мен спорт секцияларына қалай жазуға болады?

    Жауап

    Балаларды тегін үйірмелер мен секцияларға тіркеу портал арқылы жүзеге асырылады bilimalmaty.kz. ата-аналар бағытты таңдай алады, бос орындардың бар-жоғын біліп, баланы желіде жаза алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінің 1-сыныбына 2026–2027 оқу жылына балаларды қабылдау қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Алматы қаласының мемлекеттік мектептерінде балаларды 2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Өтінішті OQU Ұлттық білім беру платформасы (https://oqu.edu.kz) немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ тікелей білім беру ұйымына барып, қағаз форматында беруге болады. 2026–2027 оқу жылында 1-сыныпқа қабылдауды Алматы қаласының 214 мемлекеттік мектебі жүргізеді. №10, 15, 17 мектеп-интернаттары қабылдауды жолдамалар бойынша қағаз форматында жүзеге асырады. Қабылдау «3-те 1» принципі бойынша жүргізіледі: мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балаларға арналған әрбір 3 орынға шағын ауданнан тыс жерден түсетін балалар үшін 1 орын қарастырылған. Мектептің қызмет көрсету аумағында (шағын ауданда) тұратын балалардың қабылдануға басым құқығы бар. Сонымен қатар, ата-аналар (заңды өкілдер) бос орындар болған жағдайда кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш беруге құқылы. Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжайды растау мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады. 1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар өткізіледі: баланың 3×4 фотосуреті; профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны); баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны); ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация) қорытындысы — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін. Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылдана алады. Өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды. Құжаттарды қабылдау мәселелері бойынша ата-аналар білім беру ұйымына немесе тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне хабарласа алады.

    Сұрақ

    Балабақшаға ваучерлерді бөлу кезінде азаматтардың қандай санаттары басымдыққа ие?

    Жауап

    Басымдығы бар азаматтардың санаттары: 1)әскери қызметшілер ("Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы"ҚР Заңының 52-бабының 3-тармағы); 2) арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері ("Арнаулы мемлекеттік органдар туралы" ҚР Заңының 78-бабы 8-тармағы); 3) құқық қорғау органдарының қызметкерлері ("Құқық қорғау қызметі туралы" ҚР Заңының 64-бабының 5-тармағы). 4) педагог қызметкерлердің балалары ("Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңының 12-бабының 3-тармағы); 5) медицина қызметкерлерінің балалары, егер олардың заңды өкілдері мүгедек болып табылса; 6) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар; 7) көп балалы отбасылардан шыққан балалар; 8) ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар; 9) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар.

    Сұрақ

    Көп балалы отбасынан шыққан балаға мектепте тегін тамақты қалай алуға болады?

    Жауап

    Білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау қағидаларына» сәйкес көрсетіледі. Бұл үшін мектептерде «Жаппай оқыту» қоры құрылды. Көмек түрлері: Тегін тамақтану: Көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қоса алғанда, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 5-11 сынып оқушыларына беріледі. Материалдық көмек: «Мектепке жол» акциясы аясында 1-11 сынып оқушыларына киім мен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қолдау көрсетіледі. Көмек алу шарттары: Бала келесі санаттардың біріне жатуы керек: Атаулы әлеуметтік көмек алушылар (АӘК); Отбасының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен; Жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; ТЖ зардап шеккен отбасылар; Басқа да санаттар (мектеп/комиссия шешімі бойынша). Көмек алу тәртібі: Санатты растайтын құжаттарды дайындау. Мектепке өтініш беру (мемлекеттік қызметтер журналында тіркеледі). АӘК санаттары үшін және күнкөріс деңгейінен төмен табыс-Жұмыспен қамту орталығының көмегімен EGOV порталы арқылы беру. Қалған санаттар үшін-құжаттар мектепке ұсынылады. Алғашқы екі санат бойынша бас тартылған жағдайда, отбасы жағдайларын зерттеп, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайының актісін жасағаннан кейін жағдай 5-санат бойынша қаралуы мүмкін.

    Сұрақ

    Алматыда балабақшаға ваучерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Алматыда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда, оған балабақша білімін ваучер арқылы қаржыландыру қолданылады. Жоба Қазақстан Республикасының Білім министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 372 «Балабақша тәрбиесі мен оқыту үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың кейбір мәселелері бойынша пилоттық жоба және білім алушыларға ваучер арқылы қаржыландыруды есепке алу туралы» бұйрығымен бекітілген. Ваучер — бұл баланың балабақшадағы орнын мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен қаржыландыруды растайтын электрондық құжат. Ол ата-аналарға мемлекеттік немесе жеке меншік балабақшаларды таңдауға мүмкіндік береді. Ваучерді алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет: snation.kz порталына кіріңіз. Жеке кабинет арқылы немесе kz порталынан авторизациядан өтіңіз. Ваучерді рәсімдеу және алу нұсқаулығымен сайттың басты бетінде танысыңыз. Баланың деректері мен таңдаған балабақшаны көрсетіп, электрондық өтінішті толтырыңыз. Жеке кабинетте ваучерді беру туралы растауды күтіңіз. Назар аударыңыз: ваучер тек таңдаған ұйымдағы бос орын болған жағдайда беріледі, ал ваучерлер автоматты түрде қолжетімді орындарға сәйкес бөлінеді. Жобаның негізгі мақсаты — мемлекеттік білім беру қаржыландыруының ашықтығын, тиімділігін және бағыттылығын арттыру.

    Сұрақ

    Алматыда балаларға арналған жазғы лагерьлер жұмыс істей ме, оған қалай жазылуға болады және қандай жеңілдіктер қарастырылған?

    Жауап

    Алматы қаласында жазғы кезеңде балаларды сауықтыру лагерьлерінің жұмысы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Балалардың демалысы маусым-тамыз айларында өткізіледі, ал жолдамалар білім беру ұйымдары арқылы бөлінеді. Тегін жолдама алуға кімдер құқылы (жеңілдік санаттары) Тегін жолдамалар келесі санаттағы балаларға беріледі: аз қамтылған отбасылардың балаларына; жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға. Тізімдер растайтын құжаттар негізінде мектептер мен аудандық білім бөлімдері арқылы қалыптастырылады. Жазғы лагерьге қалай жазылуға болады Жазғы демалысқа қатысу туралы өтінішті екі тәсілмен беруге болады: Мектеп арқылы Ата-аналар баласы оқитын мектепке жүгінеді. Өтініш сынып жетекшісі немесе мектеп әкімшілігі арқылы қабылданады. Білім беру ұйымы тиісті тізімдерді қалыптастырып, қажетті ақпаратты ұсынады. Аудандық білім бөлімі арқылы Егер бала мектептің тізіміне енгізілмеген болса, ата-аналар тұрғылықты жері бойынша аудандық білім бөліміне жүгіне алады. Қажетті құжаттар Әдетте келесі құжаттар талап етіледі: ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші; баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; жеңілдік санатын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда); баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама. Жолдамаларды беру мерзімі мен тәртібі Жазғы демалысқа арналған тізімдер алдын ала, негізінен көктем мезгілінде қалыптастырылады. Лагерьлердің жұмысы жаз айларында ұйымдастырылады. Жолдамалар бекітілген тізімдер негізінде бөлінеді. Жолдаманы алу тәртібі Жеңілдік санатына жататын ата-ана құжаттарды мектеп арқылы тапсырады. Құжаттар қаралып, бала тізімге енгізілгеннен кейін мектеп демалыс орны мен лагерьге бару күні туралы ақпарат береді. Маңызды шарттар орын саны шектеулі; өтініштерді алдын ала беру ұсынылады; негізгі тізімде орын болмаған жағдайда қосымша жолдамалар бойынша ақпаратты нақтылауға немесе ақылы демалыс нұсқаларын қарастыруға болады. Қосымша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады * мектеп әкімшілігіне; * тұрғылықты жеріңіз бойынша аудандық білім бөліміне.

    Сұрақ

    Жаз мезгілінде мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істей ме?

    Жауап

    Жазғы кезеңде қала мектептерінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, демалысын қамтамасыз ету және жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында мектеп жанындағы лагерьлер дәстүрлі түрде жұмыс істейді. Мектеп жанындағы лагерьлердің түрлері Білім беру ұйымдарында мектеп жанындағы лагерьлердің екі түрі ұйымдастырылады: Тамақтандыру қарастырылған мектеп жанындағы лагерьлер * шамамен 60 мың баланы қамтиды; * ең алдымен 1–4 сынып оқушылары мен әлеуметтік осал санаттағы балаларға арналған; * балалар күндізгі уақытта мектепте болады; * тамақтандырумен қатар ойындар, үйірмелер, экскурсиялар, шығармашылық және дамытушы іс-шараларға қатысу мүмкіндігі қарастырылған. Тамақтандырусыз мектеп жанындағы лагерьлер * 130 мыңнан астам баланы қамтиды; * мектеп оқушыларының кең ауқымына қолжетімді; * тамақтандырусыз ұйымдастырылатын бос уақытты тиімді өткізуге және дамытуға бағытталған бағдарламаларды қамтиды. Баланы мектеп жанындағы лагерьге қалай жазуға болады Ол үшін: Баланың оқитын мектебіне (сынып жетекшісіне немесе мектеп әкімшілігіне) жүгіну қажет. Мектеп жанындағы лагерьге қатысу туралы өтініш беру керек. Лагерьдің түрін (тамақтандырумен немесе тамақтандырусыз) және жұмыс кестесін нақтылау қажет. Кімдер қатыса алады * қала мектептерінің оқушылары, ең алдымен төменгі сынып оқушылары – тамақтандыру қарастырылған лагерьлерге; * әлеуметтік осал санаттағы балалар – тамақтандыру қарастырылған лагерьлерге қабылдау кезінде басымдыққа ие болады. Лагерьлердің жұмыс мерзімі Мектеп жанындағы лагерьлер 1 маусымнан 12 маусым аралығында мектеп базасында күндізгі форматта жұмыс істейді Қатысу тәртібі Мысалы, егер бала 2-сыныпта оқитын болса, ата-анасы мектеп арқылы өтініш бере алады. Бос орын болған жағдайда бала тамақтандыру қарастырылған мектеп жанындағы лагерьге қабылданып, күн бойы педагогтердің бақылауында болып, түрлі дамытушы іс-шараларға қатысады. Маңызды шарттар * тамақтандыру қарастырылған лагерьлердегі орын саны шектеулі; * өтініштерді алдын ала берген жөн; * лагерьдің шарттары мен бағдарламасы нақты мектепке байланысты аздап ерекшеленуі мүмкін.

    Сұрақ

    Жаз мезгілінде балаларға қандай үйірмелер мен секциялар қолжетімді және баланы қалай жазуға болады?

    Жауап

    Жазғы кезеңде Алматы қаласында балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының жұмысы жалғасады. Олар шығармашылық, спорттық және танымдық бағыттар бойынша түрлі үйірмелер мен секцияларды ұсынады. Жазда қандай үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді Балалар үшін келесі бағыттар қолжетімді: спорт секциялары: футбол, жүзу, жекпе-жек өнері және спорттың басқа түрлері; шығармашылық үйірмелер: сурет салу, музыка, би, театр студиялары; білім беру бағыттары: тілдерді үйрену, робототехника, мектепке дайындық курстары. Үйірмелердің бір бөлігі мемлекеттік тапсырыс аясында тегін ұсынылса, енді бір бөлігі ақылы негізде жұмыс істейді. Баланы үйірмеге немесе секцияға қалай жазуға болады Жазылу арнайы онлайн платформалар арқылы жүзеге асырылады. DamuBala.kz порталы арқылы Бұл платформа спорттық және шығармашылық үйірмелерге жазылуға арналған. Жазылу тәртібі: порталға тіркелу; қажетті бағыт пен ұйымды таңдау; онлайн өтінім беру; бос орын болған жағдайда растау алу. BilimAlmaty.kz порталы арқылы Портал қосымша білім беру бағдарламаларына жазылу үшін пайдаланылады. Жазылу тәртібі: қажетті үйірмені немесе бағытты таңдау; өтінімді толтыру; ұйымнан растау хабарламасын күту. Қажетті құжаттар Көп жағдайда келесі мәліметтер қажет: баланың деректері (ЖСН, туу туралы куәлігі); ата-ананың немесе заңды өкілдің байланыс мәліметтері; қажет болған жағдайда медициналық анықтама (әсіресе спорт секциялары үшін). Оқу мерзімі мен төлем тәртібі Үйірмелерге қабылдау алдын ала басталып, жаз мезгілі бойы бос орындардың болуына қарай жалғасады. Оқу құны бағдарламаға байланысты белгіленеді: кейбір үйірмелер мемлекеттік тапсырыс аясында тегін ұсынылады, ал кейбірі ақылы негізде жүргізіледі. Жазылу тәртібі (мысал) Мысалы, ата-ана баласын футбол секциясына жаздырғысы келсе, DamuBala.kz порталына кіріп, өзіне ыңғайлы секцияны таңдайды, өтінім береді және өтінім мақұлданғаннан кейін бала жаттығуларға қатыса бастайды. Маңызды жайттар орын саны шектеулі; сұраныс жоғары үйірмелердегі орындар тез толады; бос орын болмаған жағдайда балама секцияны таңдауға немесе күту тізіміне өтінім беруге болады.

    Сұрақ

    Баланы балабақшаға қалай орналастыруға болады?

    Жауап

    Алматы қаласында балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау «Balabaqsha SmartNation» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Балабақшаға өтінімді қалай беруге болады Өтінім «Balabaqsha SmartNation» жүйесі арқылы онлайн форматта беріледі. Ол үшін ата-аналарға: баланы электрондық кезекке тіркеу; қажетті мәліметтерді енгізу; жеке кабинет арқылы кезектің жылжуын бақылау қажет. Балабақшадағы орын қалай беріледі Қабылдау үдерісі толықтай электрондық форматта жүргізіледі: кезек келген кезде жүйе ваучер берілгені туралы хабарлама жолдайды; ата-ана ваучерді алғанын растап, мектепке дейінгі ұйымды таңдайды; таңдау расталғаннан кейін бала көрсетілген балабақшаға қабылданады. Кеңес алу үшін қайда жүгінуге болады Қосымша түсіндіру немесе кеңес алу қажет болған жағдайда ата-аналар: аудандық білім бөліміне; таңдалған балабақшаға; «Balabaqsha SmartNation» жүйесінің бірыңғай байланыс орталығына жүгіне алады.

    gov.5n.kz

    Ашық деректер мен ресми дереккөздердің жарияланымдарын талдаймыз. Материалдар жылдам іздеу және мониторинг үшін бір лентаға жиналған.

    © 2026 gov.5n.kz. Мемлекет туралы ақпараттық-талдамалық портал.