Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін стационарлық ұйымға қандай санаттағы адамдар кезектен тыс қабылданады?
- Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымдарға кезектен тыс қабылданады. - Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, «Ардагерлер туралы» Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына арнаулы әлеуметтік қызметтер стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.