Мүгедектігі бар адамдарға есту аппараты құралдарын алу үшін бірінші медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясынан өту керек, кейін оңалтудың жеке бағдарламасында есту аппараты құралдарын тағайындалу арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 Бұйрығына сәйкес мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары бойынша:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);
4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы) арқылы өтініш білдіре аласыз.